Экологиялық туризмді дамытуға бір қадам

Oinet.kz 14-04-2021

Screenshot_15.jpg

Жуырда ашылған «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» бүгінгі күнге дейін біршама жұмыстар атқарып та қойды. Семей мен Түркістаннан және еліміздің өзге де аймақтарынан келген туристік қызметкерлер мен қонақтарды қарсы алып, қаладағы туризмді дамытуда өз үлестерін қосуда.

Шымкент қаласы туризм басқармасының «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекеме теңдік, ашықтық, өзара құрметтеу қағидаларының негізінде ынтымақтастық қатынастарды орнатады.

Сайрам-өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік – шығыс бөлігін қамтиды және Өгем, Қаржантау, Боралдай, сонымен қатар, Талас Алатауының солтүстік батыс бөктерін алып жатыр. Ұлттық парктің территориясынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді. Парк территориясында 7 табиғат зонасы бар, шөлейттен бастап тау зонасына дейінгі, яғни онда өсімдіктің 1635 түрі, сүтқоректілердің 59 түрі, құстардң 300 түрі кездеседі. Парктің өсімдік әлемі өте ерекше. Мұнда Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген өсімдіктердің 240 түрі өседі.

Туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды ескере отырып, Тараптар осы Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.


Мектептер құрылысына инвесторлар керек
Шымкент және Тараз меморандумы мүмкіндіктерге жол ашады


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×