Дін мен діншілдік

Oinet.kz 25-11-2022 707

316043849_121599794085431_49568633087574353_n.jpg

Тәуелсіздікпен бірге жетпіс жыл бойы Кеңес одағы тыйым салған асыл дініміз қайта оралды. Жалпы, сексенінші жылдардың аяғы, тоқсаныншы жылдардың басы «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілді» деп айдар таққан, Тәуелсіздікке тәубе айтқан, ұлттың  рухани жаңғырған, қайта түлеген кезеңі болды. Елімізде осы жылдардан бастап мешіттердің саны көбейді. Дінді ұстанушылардың саны артты. Дегенмен осы үрдісті сыртқы күштердің, кейбір теріс пиғылды топтардың өз мақсаттарына пайдаланғаны рас. Әсіресе, әлі оң-солын танымаған көкөрім  жастардың теріс ағымдардың жетегінде кеткені жасырын емес. Мұның салдары жеңіл болған жоқ. Тіпті, қасіретке апарып соқты десек қателеспейміз.  Бұған Алматы, Тараз, Ақтөбе сияқты Қазақстанның бірнеше қаласында «сақалдылардың» салған сойқаны, теріс ағымдылардың террористік актілері куә. Көптеген қандас бауырларымыз теріс түсініктердің жетегіне еріп, Таяу шығыс елдеріне кетті.  

Жалпы, дін қазақ руханиятының үлкен бір ұстыны. «Дін тәрбие деңгегі» деген сөз бекер айтылмаған. Соңғы жылдары Қазақстанда дін саласында біршама тұрақтылық орнап келеді.  Шымкент қаласында 2019-2022 жылғы зерттеулерді салыстырсақ, жастар арасындағы діндарлық 2 пайызға өскен, ал деструктивті діни ағымдардың жетегінде кеткен жастар күрт төмендеген. Мұндай мәліметтер осы аптада Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Khadisha Rixos Hotel» қонақ үйінің конференц-залында «Жастар арасындағы дін мен діншілдік» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-практикалық форумда айтылды.  

316006618_121599767418767_1608127178200994792_n.jpg

Аталған форумға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің өкілдері, аймақтық Дін істері және қоғамдық даму басқармасы басшылары, имамдар, ҚАЖД  өкілдері, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты.  Форумның мақсаты – жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу, жастар арасындағы дін мен діншілдік тақырыптарын талқылау. 

Жиынды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ашып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Форум барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі Дін істері комитеті төрағасы Ержан Нүкежанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Мырзабаев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева, филология ғылымдардың кандидаты, абайтанушы Омар Темірбеков және ҚМДБ «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Арман Қуанышбаев,  «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының кеңесшісі Алим Шауметов баяндама жасады. 

Форумның соңында  жастарды теріс ағымдардың қаупінен сақтандыру үшін алдын-алу жұмысы айқындалып, оның орындалу тәртібі шешілді.

316286802_121599730752104_782173685375977310_n.jpg

Айта кетері, форумды өткізуге ЖК «Нұрмаш», «Ақ-Ниет» Ақпараттық-насихаттау және оңалту қоғамдық қоры», Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қолдау көрсетті.  


Анамды кәпір санап, онымен араласпай кеттім
Ақмешіт үңгірі адам жанын тазартып, рухани кеселді сылып түседі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу