Қазақстандық рэперге Ресейге әкімшілік іс қозғалды
Ресейде қазақстандық және ресейлік рэпер "Ганвестке" қатысты әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы «Лига безопасного интернета» ұйымының басшысы Екатерина Мизулина мәлімдеді, деп жазады Оinet.kz.

Оның айтуынша, Санкт-Петербург қалалық ІІМ басқармасы әншінің шығармаларында есірткі құралдарын насихаттау белгілері болуы мүмкін деген күдікпен тексеру бастаған. Ән мәтіндері психологиялық-лингвистикалық сараптамаға жіберілген. Қазір әкімшілік тергеу жүріп жатыр. Егер заңбұзушылық анықталса, музыкантқа айыппұл салынуы ықтимал.
Ганвест — Руслан Гоминовтың сахналық есімі. Ол 1992 жылы Актау қаласында дүниеге келген. Өнер иесі Қазақстанда да, Ресейде де танымал. 2025 жылы ол ерекше сөйлеу мәнерімен және әндеріндегі «пэпэ», «фа», «ватафа», «шнейне» секілді қайталанатын сөздері арқылы кеңінен танылды.


