Нұрсұлтан Назарбаевтың егізі табылды
Әлеуметтік желіде оңтүстіккореялық актёр Сон Бён Хо мен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың фотосуреттері қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары олардың арасындағы таңғажайып ұқсастық барын айтуда, деп жазады Оinet.kz.

Желілерде тараған суреттер мен бейнеүзінділерде желі қолданушылары актер мен экс-президенттің бет-әлпеті, мимикасы және жалпы келбетінде ұқсастық бар екенін жазуда. Кейбірі бұл жай ғана сәйкестік десе, енді бірі олардың шынымен айтарлықтай ұқсас екенін алға тартқан.
Сон Бён Хо 1962 жылы 25 тамызда Оңтүстік Кореяда дүниеге келген. Тәжірибелі актер. R-Point (2004), Running Wild (2006), The Good, the Bad, the Weird (2008) сияқты 70-ден аса экшн фильмдер мен телехикаяларға түскен.


