Шымкенттің жаңа бас дәрігері белгілі болды

Oinet.kz 02-10-2020 1077

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысыз тұрғанына екі айдан асты. Oinet.kz сайты жуырда басқарманың басшылығына конкурс жарияланғанын жазған еді. Міне, осы аптада конкурстың қорытындысы Шымкент қалалық әкімдігінің сайтында жарияланды. 

Screenshot_8.jpg

Конкурстық комиссия  Бақытжан  Позиловтың кандидатурасын  Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы лауазымына тағайындау үшін Шымкент қаласының әкіміне ұсынған.

Бізге белгілі болған мәліметтерге қарағанда, Бақытжан Позилов қаладағы жекеменшік клиникаларда жұмыс істеген. Ол соңғы кездері «Медикер-Юг» жекеменшік клинкасына басшылық жасаған.

Дәл осы азаматтың кандидатурасының  Шымкент қаласынының бас дәрігері лаузымына қарастырылып жатқаны осыдан біраз уақыт бұрын, тіпті конкурс әлі жарияланбай жатып айтылып еді. Сол әңгімелер расқа айналды.


Шымкентте бірқатар мәдениет, білім мекемелерінің атауы өзгермек
6 әкім отставкіге кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу