Басшылық қызметке көтеріліп астамсып кеткен кісі

Oinet.kz 10-08-2019 726

Бастық.jpg

Бір кісі басшылық қызыметке көтеріліп мінезін өзгертіп алыпты. Көпшілікпен санасуды қойып, өзім білемдікке салынып тым астамсып сөйлейтін болады. Бағына қарай әйелі иманды кісі болған екен. Күйеуіне үнемі, "Отағасы, Құдай қаласа деп сөйлеңіз" деп тәубаға шақыратын көрінеді. Күйеуі болса, "Құдай қаласа да, қаламаса да дегенім болады" деп алған бетінен қайтпайды. Құдай адамды алжастырам десе демде ғой. Ақыры бір күні былығы ашылып істі болады. Соры қайнап сотталады.

Талай жыл түрмеде отырып тәубесіне түскен әлгі кісі үйіне оралалып есігін қағады. Арғы жақтан әйелі:

--Кім боласыз беймезгіл уақытта жүрген -десе. Күйеуі айтқан екен:

--Құдай қаласа байың боламын деп)

Сол айтқандай, Байлыққа батып, биліктің биігіне шыққандар құдайын ұмытып кететіні несі екен? "Адамның басынан бақ таярда бір белгісі астамшылық екен" деседі. "Мың асқанға, бір тосқан" деген де бар. Әрқашан шүкір-тобамызды ұмытпайық, ағайын. "Құдай қаласа" Баршамыз жарқын болашақтың жарығын көрейік. Ауыздан Алла, жүректен иман кетпесін! ҚҰРБАН АЙТ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Айдар Темірбекұлы

Көмбе қарын
Болашақ туралы эссе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу