Ісмет Кеңесбаев өмірбаяны

Oinet.kz 05-09-2020 1439

Ісмет Кеңесбаев.jpg

Ісмет Кеңесбаев (15.2.1907, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Жынысата ауылы – 16.1.1995, Алматы қаласы) – филология ғылымының докторы (1945), профессор (1945), Қазақстан ҒА-ның академигі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңіргенғылыми қайраткері (1946).1931 - Санкт-Петербургтегі Шығыстану институтын бітірген.

1931-1934 - Қазақ АКСР-і Халық ағарту комиссариатында әдіскер,

1932-1946 - ҚазПИ-де оқытушы (қазіргі ҚазҰПУ),

1932-1935 - Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы,

1933-1936 - Алматы мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті),

1936-1939 - КСРО ҒА Қазақ бөлімшесінде аға ғылыми қызметкер.

1943-1951 - Қазақстан ҒА-ның вице-президенті,

1951-1961 - Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі,

1961-1978 - Тіл білімі институтының директоры,

1978-1987 - осы институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1988 жылдан өмірінің соңына дейін ҒА Төралқасының кеңесшісі болды.

Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Кеңесбаевтың есімімен байланысты. Қазақ мектептерінің бірнеше толқын түлектері Кеңесбаев жазған оқулықтармен сауат ашты, ана тілінің ғылыми жүйесімен танысты. Ғалымның қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясын талдаған ғылыми монографиялары жоғары оқу орындарында негізгі оқулықтардың бірі ретінде күні бүгінге дейін қолданылуда. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді (1977, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (2 томдық, 1959, 1961) және «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) жарыққа шықты. Кеңесбаев бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

Қазақ әдебиетіндегі үздік 50 кітап
Сағат Жүсіп. "Ашаршылық ақиқаты"
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу