Ермахан Шайхы. «Әнші»

Oinet.kz 01-11-2020 1002

Ермахан Шайхы.jpg

Белгілі  сатирик-жазушы Толымбек  Әлімбектің аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін айтқыш екендігін жалпақ жұрттың бәрі біледі. Оның қысылтаяң  кезде  сөз  тауып,  қажет  болса,  бір-екі  шумақ  өлең  шығарып, кез келген тығырықтан шығып кететіні де бар. Мына әңгімелер – сол сөзіміздің  дәлелі.

Бір  күні  Толымбек жақын ағайындарының үйінде құда күтіп жатады. Тойдың  ортасына  қарай  бір  бауыры қызып қалып:

– Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп «Ақтолғайдың» әнімен қайта-қайта әндетіп, сөзге қонақ бермей, ел-жұрттың мазасын алыпты. Атақты әннің жалғыз жолын айтып, аяғын жұтып қоя береді. Бұл бір емес, бірнеше  рет  қайталанады. Әлгі «әнші»:

Шыны-ай кесе, ендеше, шыны-ай кесе-ай, – деп әндете бастағанда Толымбек:

– Ішіп  алған  адамдар  құлай  берсе, Ақтолғай, – деп өз бидайын өзіне қуырып  беріп, екпінін  басқан  екен.

Ермахан Шайхы. Эрозия мен коррозия
Ермахан Шайхы. Мас пен мысқыл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу