Пушкиннің шөбересі - Сергей Борисович Пушкин туралы ақпарат

Oinet.kz 12-01-2020 622

Сергей Борисович.png

Бұл кісі Мәскеуде, 1925 жылы туған. Ұлы ақын Александр Пушкиннің үлкен ұлы Алексадр Александровичтің немересі. Ақын ұрпағының балалық шағы мен жастығына тағдырдың ауыр сынағы дөп келгендей болған. Сережа 10-ға толар-толмастан інісі Борис екеуін жалғыз тәрбиелеп отырған анасы Марина Сергеевна Мезенцева кенеттен қайтыс болды. Екі жетімекті жалғызілікті нағашы атасы Сергей Петрович Мезенцев қолына алды. Айта кету керек, бұл кісінің Қазан төңкерісіне дейін қайтыс болған әйелі Вера Александровна да ұлы ақынның немересі еді.

1937 жылы сталиндік репрессия бұл отбасын да айналып өтпеді -- Сергей Петрович тұтқындалды. Жетімектерді балалар үйіне жібермес үшін Сергей Петровичтің туған балдызы, марқұм Вера Александровнаның сіңілісі Анна Александровна "асырап алуға" рұқсат алған. Бұған НКВД'нің рұқсат беруі Анна Александровна Пушкина мен жетімектердің тегінің бір болуы септігін тигізген сияқты.

Анна Александровна Пушкина Сергей мен Бориске жақсы тәрбие берді, орнықты білім алуларына мұрындық болды. Ұлы бабаларының тегін сақтап қалуға жәрдемі тиді. Ұлдарды немере әжесі Ресейдің ұлы перзенті Пушкин есіміне кір тигізбей таза ұстауға, соған лайықты болуға машықтады.

ІІ дүниежүзілік соғыс басталғанда Сергей Борисович 1943 жылы авиация полкіне қызметте болды.

"ИЛ-2" штурмовик-ұшақтарының механик-моторисі жауынгер Сергей Пушкин жауынгерлік тапсырмадан оралған көптеген ұшақтарды қалпына келтірді.

... Интитуттан кейін Сергей Борисович жұмыс істей бастаған лаборатория Уақыт метрологиясы (өлшемі) және кеңістік интитуты болып қайта құрылды.

Өз мамандығына адал болған Сергей Борисович уақыт өлшемі ғылымына бар өмірін сарп етті.

Әлем метрологтары Пушкин тегін уақыт өлшемі саласындағы аса білікті маман деп қабылдайтын болды.

Сергей Борисович метрология ғылымы бойынша 150 ғылыми еңбектің авторы. Бұлары бірнеше шетел тілдеріне аударылып, шетел баспасөзінде жарияланған.

С. Б. Пушкин аса дәл уақыт өлшемі ғылымына бар өмірін арнады. Кеңес Одағында жасалған аса дәлдікпен жүретін квант (атом) сағатынаң бас констукторы -- Сергей Борисович Пушкин.

Әлем метрологтары арасында "Пушкин сағаты" деген түсінік бар. Бұл -- уақытты аса дәлдікпен өлшейтін сағат эталоны. Араға 500.000 жыл салып уақытты қайта өлшесеңіз "Пушкин сағаты" бір секундқа ғана қателесуі мүмкін!

Қателессе...

Атақты ғалым-метролог, ұлы ақынның шөбересі Сергей Борисович Пушкин 2015 жылдың 9 шілдесінде Москвада қайтыс болды.

Нұрхан Хамзеұлы

("Московская новь", "Московские новости" газеттерінің ақпараты бойынша дайындалды)

Есім Байболов. «Көкшетау» қалай туды!?
Мегрель ұлысының лексикасындағы «казах» сөзі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу