Ауыл мектебіне тең мүмкіндік сыйлаған жоба
Ауыл — қазақ халқының түп тамыры, ұлттық салт-дәстүр мен қасиетті құндылықтардың қайнар көзі болса, ауыл мектебі — сол ауылдың ұйытқысы. Қазақстандағы барлық мектептердің едәуір бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан. Сондықтан еліміздің білім саласы мен ұлт болашағының тағдыры көбінесе ауыл мектебінің жай-күйіне тікелей байланысты.

Үстіміздегі жылдың Астана қаласында Түркістан облысының білім басқармасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасы аясында жобаға қатысушы ауыл мектептері директорларына арналған тәжірибе алмасу туры ұйымдастырылды.
Тәжірибе алмасу туры Астана қаласында 2026 жылғы 12-13 қазан, 19 - 20 қазан және 3 - 4 қараша күндері үш лек бойынша өткізді. Жалпы Түркістан облысы бойынша 100 директор өтті.
Тур барысында қатысушылар «Білім-инновация» қоғамдық қорының оқу- әдістемелік жұмыстары, тәрбие жүйесі, психологиялық қолдау, кәсіби бағдар беру, олимпиадалық жүйені ұйымдастыру және педагогтердің кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағыттарындағы жұмыстарымен танысты.
«Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасын іске асыру шеңберінде ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыру мақсатында Курс өтіп, оған мектеп директорлары, жиналған 33 тыңдаушы қатысты. 2026 жылдың 3 - 4 қараша күндері үш лекке қатысып қайттық.
Алғы сөз «Білім - инновация» ХҚҚ бірінші вице - президенті Қуат Қожахметов;
«Білім - инновация» ХҚҚ оқу - әдістемелік жұмыстар бөлімінің ерешеліктері» тақырыпта әдістемелік бөлім басшысы Балмасов Дамир;
«Қорға қарасты мектептердегі іс -шаралар» тақырыпта ұйымдастыру және РR бөлімінің басшысы Қалық Думан;
«Мектепте олимпиадалық жүйені ұйымдастыру жолдары» тақырыпта «EdLight Academy» жоба менеджері Хасен Темирлан;
«Деректермен тиімді жұмыс істеу» тақырыпта «Білім - инновация» ХҚҚ зерттеу бөлімінің жетекшісі Нұрлан Иманғалиев;
«Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыпта Тәрбие бөлімі Алтынкуль Алтынбаевна;
«Оқушы біліміне әсер ететін факторлар зерттеуі» тақырыпта Жобалар департаментінің басшысы Амирхан Саулембеков
«Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасынының кардинаторы Елнұр інімізге алғысымыз шексіз.

«Жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында» деп айтқандай, қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті білімді тұлға тәрбиелеу. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз ұстаздардың шығармашылығының ерекше тұсы - оның сабақты түрлендіріп, өткізе отырып, тұлғаның жүрегіне сара жол табуы, өмір бойы оқып жемісін көре білуінде. Сабақ өткен ұстаздарымызға өте білімді, өз ісінің шебері, өте еңбекқор, сонымен қатар, талапшыл ұстаз-маман екендігін көрсете білді. Семинар барысында қатысушылар жаңалықтармен танысып қана қоймай, тәжірибе жүзінде өзара ықшам сабақтар үлгілерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, уақыттарын қызықты әрі тартымды өткізді. Ұстаздарды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сантүрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланудың маңызы ерекше екенін ұғынып, білу үстіндеміз. Білім мазмұнын жаңартуды, үздіксіз білім беру жүйесін дамытуды өмірдің өзі талап етіп отыр. Сол себепті, басшылар қауымына артылған сенімді ақтау үшін, алған білімімді тәжірибе жүзінде, оқушылармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып жоғары деңгейде пайдалануға тиіспіз. Білімді ұрпақ - еліміздің болашағы және ертеңі. Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел мәдениеті өркендеген қазіргі заманда тек білімді жастар ғана ұлтымызды асқақтатып, елімізді көкке көтереді. Саналы қоғамда білімді азаматтармен бірлесе отырып өмір сүрген жастар өз бойындағы білімге деген құштарлық пен ізгі сезімдерді қалыптастыратыны сөзсіз.
Әрбір басшыларға берері зор. Оқуда күткен нәтижелері де осы еді. Мұндай біліктілігін арттыру оқулары жиі өткізіліп отырса, нұр үстіне нұр болар еді. Жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, ынтасын оятып, білімге деген құлшынысын арттыруға күш салатын боламыз.

«Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады» деп Жүсіп Баласағұни бабамыз айтып кеткендей, жаттықтырушымыз бізге өте әділ, мейірімді, білімді, алғыр басшы бола алды. Алдыңғы білімді өткен біліммен салыстыра, ұштастыра отырып, түсінбегенімізді қайта түсіндіріп, әр тыңдаушының санасына жеткізе білді. Оқу аясында білімімізді одан әрі шыңдай түстік, әр сабақ тартымды, қызықты өтті. «Ұстаз үнемі ізденіп, білім қорымен өзінің іс-тәжірибесін таратып, өзгенің жаңалығымен үйреніп отырса, оның сабақтары да қызықты, бала үшін тиімді болмақ» деген пікірі санамызда сақталып қалды.
Нускабаев Жаксылик Мусабаевич
№17 «Түркістан» жалпы білім беретін
мектеп”КММ-нің директоры
Жетісай ауданы,Түркістан облысы


