Қазақ туралы мақал-мәтелдер

Oinet.kz 22-11-2019 2321

Қазақ түрік емес,

Қазақсыз түркі емес.


«Қазақ» десең өзіңе тиеді,

«Соқыр» десең көзіңе тиеді.


Қазақ қартайса, түйе бағады.

Қарақалпақ қартайса, томар қазады.

Похожее изображение


Түйеге мінген қазақ

Төрт ауыз өлең біледі.


Қазақтың айраны көп,

Орыстың мейрамы көп.


Қазақ жаманы орыс бола алмайды,

Орыс жаманы қазақ бола алмайды.


Сарттың жаманы «қазақ боламын» дер,

Қазақтың жаманы «сарт боламын» дер. 



Халық туралы мақал-мәтелдер
Наурыз мерекесі туралы. Шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу