«Менің денсаулығым—менің құқығым»

Oinet.kz 06-04-2024 358

16.jpg 

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні орайластырылып

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы мен студенттік емхананың ұйымдастыруымен ауқымды «Менің денсаулығым — менің құқығым» атты іс-шара өтті. Оған 10 емдеу орталығынан медицина қызметкерлері қатысты. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат - қалың жұртты өз денсаулығына назар аударту, оның маңыздылығын, құндылығын түсіндіру.

Қазіргі заманғы технологиялар және көптеген адамдардың өмір сүру деңгейі денсаулықты сақтауға өмір сүру сапасын және ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан ауруды ерте анықтау маңызды рөл атқарады.

Арбаттағы қабылдау барысында ақ халаттылар тұрғындарға денсаулықты нығайту арқылы өмір сүру сапасын жақсарту шараларын түсіндірді. Әр адам бойы мен салмағын, қан қысымдарын өлшетіп, қажетті талдауларға қан өткізіп, білікті дәрігерлерден кеңес алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, жедел жәрдем қызметкерлері практика жүзінде түрлі әдістерді пайдаланып, тәжірибелерімен бөлісті.

Ал, жастар салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық жарыстарға қатысып, салауатты өмір қалыптастыруға шақырды. Сондай-ақ, жас суретшілердің денсаулыққа байланысты көрмесі де өтті.

Айта кету керек, бұл мереке 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization, WHO) құрылуына орай пайда болды. Мерекенің өзі 1950 жылдан бастап адамдардың физикалық және психологиялық денсаулығының маңыздылығын түсінуі үшін атап өтіледі, ал мемлекеттік ұйымдар медициналық салаға көбірек уақыт пен көңіл бөледі.

Біздің денсаулығымыз баға жетпес дүние. Бұл күні денсаулық дегеніміз тек аурудың болмауы ғана емес, сонымен бірге біздің жанымыздың жай-күйінің тыныштығы екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан сізге дене мен рух арасында үйлесімділік тауып, өзіңізбен және басқа адамдармен өзара түсіністік табуды тілейміз.


Басты құндылық – елдігіміз бен бірлігіміз
«Елді қорғау--әрбір азаматтың қасиетті борышы»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу