«Елді қорғау--әрбір азаматтың қасиетті борышы»

Oinet.kz 06-04-2024 497

17.jpg 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Елді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы, шынайы патриотизмнің жарқын көрінісі. Қорғаныс қабілетін үнемі арттыру – мемлекеттік стратегиялықміндеттерінің бірі. Қазақстандық армия кез-келген уақытта Отанды қорғауға бел бууға дайын болуы керек. Қарулы күштер елдің егемендігі мен тұтастығының сенімді кепілі, халықтың ертеңгі күнге деген бірлігі мен сенімінің тірегі болып табылады».

 Шымкентте көктемгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды.Осыған орай Қазақстан Қарулы Күштерінің десанттық шабуылдау әскерлеріне жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу іс-шарасы өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады.

Жиынға қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Әбдіғабит Шегебаев, әскери саланың ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары, бауырлары қатысты.

Биыл көктемгі науқанда 948 азаматты әскер қатарына жіберу көзделген.

Полковник Ә.Шегебаев әскерге бару әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін атап өтіп, жас сарбаздарға сәттілік тіледі.

– Алматы қаласында орналасқан 61993 әскери бөліміне қаладан 50 сарбазды жіберу міндеттелген. Бұған дейін 25-ін аттандырған едік. Мінекей, бүгін тағы 25 азаматты шығарып салып тұрмыз. Сапқа тұрып, сарбаз атану, қолға қару алып, әскери борышын өтеу – әрбір ер азамат үшін зор абырой. Жылдан-жылға Қазақстан Қарулы Күштерінің қуаты артып, әскери дайындық деңгейі жоғарылап келеді. Ата-аналарыңыздың сенімін ақтаңыздар, – деді Әбдіғабит Құрбанұлы.

Сондай-ақ, Қарулы Күштер ардагерлері қалалық кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев әскерге шақырылушыларға ақ жол тілеп, елдің қауіпсіздігін сақтау аса маңызды міндет екенін атап өтті.

Өткен жылғы есеп бойынша қаламызда 2023 жылы 1856 азамат мерзімді әскери қызметке шақырылып, жоспар 104 % -ға орындалған.


«Менің денсаулығым—менің құқығым»
Шымкентке 420 мыңнан астам турист келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу