Шымкент: 273 жасқа жеңілдетілген несие беріледі

Oinet.kz 10-04-2024 544

 24.jpg

Шымкент қаласында биыл 56,9 мың адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында оған 12,2 адам қатысып, жоспар 22 пайызға орындалған. Бұл жөнінде қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева баспасөз брифингте баяндады.

Халықты жұмыспен қамту шараларына қатыстырудың тағы бір тетігі  – қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бұл бағыт бойынша биыл  3 732 адамды кәсіптік оқуға қатыстыру жоспарланған.  Оның ішінде, 2 530 адам онлайн оқыту болса, есепті кезеңде  нақты 602 адам қатысты. 1 110 адам жұмыс берушілердің сұранысы және жұмыс берушілердің өзінде ұйымдастырылатын жұмысшы мамандықтар бойынша кәсіптік оқытуға жолданса, 92 адам оқу ваучері бойынша ұйымдастырылады.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 4 176 адамды қатыстыру көзделсе, оның ішінде  3 750 адам «Бастау Бизнес» жобасы  шеңберінде оқуға жолданып, 426 адамға қайтарымсыз грант беру көзделіп отыр. Есепті кезеңде  882 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша білім алып, кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастырды.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлігін қолдау мақсатында 273 жасқа 2,5% көлемінде жеңілдетілген шағын несие беріледі.

Халықты жұмыспен қамтуда субсидияланатын жұмыс орындарының мәні зор. Осы бағадраламаға қатысушылардың еңбек жалақысын мемлекет субидиялдайды. Шымкент қаласында биыл субсидияланатын жұмыс орындарына 7 453 адамды қамту  жоспарланып, жыл басынан бері  4 288 адам жолданды.

Атап айтқанда әлеуметтік жұмыс орындарына 138 адам, жастар практикасы 605 адам, ақылы қоғамдық жұмыстар – 1 940,  «Алғашқы жұмыс орындары» жобасымен -  897,  «Ұрпақтар келісім шарты» арқылы  – 7,  «Күміс жас» жобасымен 689 адам жұмысқа орналасты.

Одан бөлек, азаматтарды бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша 14 846 адам жоспарланған, есепті кезеңде 3 653 адам жұмысқа жолданды.

Осы ретте ескерте кететін жәйіт, барлық жұмыс берушілерге қазіргі кезде қолайлы автоматтандрылған «Еңбек кз» порталы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау жүйесі жұмыс жасайды. Аталған порталға жұмыс беруші өзінде пайда болған бос жұмыс орындарын енгізе алады. Ал  жұмыс іздеушілер бүкіл республика бойынша бос жұмыс орындарымен танысып, өзіне қолайлы, әрі лайықты жұмыс берушілермен тікелей байланысқа шығып немесе жұмыс беруші резюмелерді карап отырып біліктілік талаптары сәйкес келетін мамандармен тілдесіп, жұмысқа қабылдау мүмкіндіктері қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамтуда қаламызда іске асырылып жатқан концепциялар мен қаланың 2021-2025 жылдарға арналған жоспары және жеке кәсіпкерлердің басатамасымен құрылып жатқан жұмыс орындарының орны айырықша. Шымкент қаласында 2024 жылға аталған бағыттар бойынша 26 482 жұмыс орны (тұрақты – 26 096, уақытша – 386) құрылатыны жоспарланған. Нақты 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 3 089 адам жұмысқа орналасты. Осы тәсілде құрылған жұмыс орындарының есебі «Enbek.kz» порталы арқылы жүргізіледі.

 


Шымкент: «Таза Қазақстан» 5 аптаға созылады
Шымкент: 456 азаматқа қайтарымсыз грант беріледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу