Қызғалдақ-- Шымкенттің символы

Oinet.kz 17-04-2024 822

18.jpg 

Сұлулық символы, әсемдік үлгісі – қызғалдақ пен Шымқала егіз ұғым. Мегаполис осынау нәзік гүлді өзінің логотипі ретінде таңдап алған. Қазір – Шымкентте ең әдемі маусым. Жыл сайын осы кезде мың сан бояумен құлпырған көктем гүлдері отырғызылып, қала ерекше реңге енеді. Көктемнің жаршысындай көз қуантқан қызғалдақтар шаһарымыздың төріне неше түрлі оюмен көмкерілген түкті кілем төсеп тастағандай әсер қалдырады. Үшінші мегаполисте республикалық тазалық акциясы аясында жұмыс қарқынды жүруде. Шымқала– біздің ортақ үйіміз. Сондықтан оның көркейіп гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.

Тазалық – баршаға ортақ. «Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде» демекші, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерде “Таза Қазақстан” акциясы жалғасуда. Осыған орай Шымкент қаласы да көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. “Таза Шымкент” акциясын Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ қолдайды. Қаламызды жасыл-желекке айналдыру біздің қолымызда, тек ниет керек,-деп хабарлады Шымкент қаласының Өңірлік коммуникация орталығы.

Айта кетері, Президенттің тапсырмасы бойынша жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Шымкентте жалғасуда.

Тазалық акциясының екінші аптасына, яғни 14-20 сәуір аралығына «Киелі мекен» апталығында барлық тарихи-мәдени ескерткіштер, тарихи-өлкетану музейлерінің аумақтары абаттандыру жоспарланған болатын.

Осыған орай Шымкент қаласы, Абай ауданында аудан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі «Темірші Әулие» кесенесінің аумағы абаттандырылып, тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Кесенің маңындағы ағаштарды қырқылып, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектер ретке келтірілді. Сонымен бірге ағаштардың түбін әктеліп, шөп орылды.

Жалпы іс-шараға 250 жұмысшы мен 17 техника жұмылдырылды, 16,7 м3 қоқыс шығарылып, 2500 м2 құрайтын көше бойы тазаланды.


Басшы ар-ұятының алдында адал болуы керек
Шымкент биыл орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайызға қамтылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу