Неге? Қалай? Қашан? Қызық екен...

Oinet.kz 09-08-2019 1977

Screenshot_13.jpg

- Ол Папуа-Жаңа Гвинеяда - 850, Индонезияда -670, Нигерияда 410, Үндістанда - 380, Камерунда - 270. Ал сіздер күнделікті өмірде оның екеуін қолданасыздар?

Бұл не?

(Қазақ және орыс тілдері)


- Алмаздар қасиеттеріне қарай 7 класқа бөлінеді. Ең құндылары – түссіз және мөлдір түрлері. 6 және 7- класты алмаздардың түсі қоңыр болады. 5-класты алмаздың түсі қандай?

(Сары түсті алмаздар 5-класқа жатады.)


- Бұл сөз орыс тілінде “мөр”, “батырма” және “бедер” деген мағыналарды білдірген. Оның жеңіл, ауыр,  жұмсақ, қатты түрлері болады.  Бұл не?

(Мінез)


- Ет қоректі жануарлардың ешқайсысы содан өлген аңның өлексесін жемейді. Ол қандай өлексе? 

(Олар найзағай (жай, жалт) түсіп өлген жануардың етін жемейді)


- Шығыс Африканың тұрғындары танкті алғаш көргенде «Фару! Фару!» деп айқайлаған. Себебі танк оларға таныс нәрсені еске түсірген. Олардың тіл Шығыс Африканың тұрғындары танкті алғаш көргенде «Фару! Фару!» деп айқайлаған. Себебі танк оларға таныс нәрсені еске түсірген. Олардың тілінде «фару» деген нені

білдіреді?

(Мүйізтұмсық)


- Қытайлықтар өмір сүру үшін 7 нәрсе қажет дейді. Олар: отын, тұз, сірке суы, май және өсімдіктекті үш азық-түлікті айтады. Азық-түліктерді атаңыз?

(Күріш, шай және соя)


-  2009 жылы математика саласы бойынша Нобель сыйлығы Зимбабве мемлекетінің банкирі Гидеон Гоноға берілді.  Гидеон Гононның сіңірген еңбегі

қандай?

(Мемлекеттің бас банкирі халықты үлкен санды купюрларды санауға үйреткен)


-  Ертеректе Русь жерінде күзетші терісі деп не аталды?

(Иттің терісінен жасалған киімдер)


-  Тонга шыңы Эвересттен аласа, биіктігі 8690 м. Ол Жер бетіндегі сегізмыңдықтардың тізімінде жоқ және оны альпинистер де бірде-бір рет  бағындыруға талпынбаған. Неге?

(Тонга тауы Тынық мұхитында орналасқан).


- Американың кәсіби журналдарының бірінде ай сайын конкурс  жарияланады.   Стандартты пішіндегі алты суретте қолжазба мәтінінің үлгісі беріледі. Конкурстың талабы: оқырмандар бұл жазбаны анықтауы керек. Бұл конкурс қандай кәсіптің иелеріне арналған?

(Дәріханашылар, провизорлар. Олар рецепте жазылған дәрігерлердің қолжазбаларын анықтауы керек)


- Жапондық бой тұмар қалай аталады?

(талисман)


- Жапонша «Сөзсіз жеңіс« 確かに勝つ

(китцу катцу).


- Жапон оқушылар мен студенттері емтиханға бойтұмар ретінде нені алып барады?

(Kit- Kat шоколадын)


- Бұл басқа ашылған ұлы құралдар сияқты алғашында ойыншық болды. Италияндық Джойя XIII ғасырда алғаш рет оны бөліктерге бөлінген дөңгелек шар тәріздес етіп жасаған. Италянша «өлшеу» деген мағынаны білдіретін жасалған құрал қалай аталады?

(Компас)


- АҚШ –тың орталық аудандары мен Канаданың оңтүстігінде кішкентай сарышұнақ мекендейді. Оны ғалымдар ерекше туысқа жатқызады.Осы сарышұнақтың аты мен АҚШ –тың мемлекеттік рәміздерінің тарихына ортақ сын есім қандай)

(Онүшжолақты)


-  “Пеннзойл” мұнай компаниясының сауалнамасының қорытындысы бойынша жауап бергендердің: ер адамдардың 4%- ы, әйелдердің 46%-ы макияж жасау, 42%- бір рет болса да кітап оқу, 25%-ы шаш үлгілерін дұрыстау, 7%-ы тістерін жібек жіппен тазарту, 26%-ы аяқ киімін ауыстарғандығын айтқан. Американдықтардың бұл әрекеттерін қайда және қашан жасайтынын анықтаңыз?

(Американдықтар мұндай әрекеттерін автомобиль айдап келе жатқан кезде жасаған)


- Қытайдың бір мейрамханасында барлығы кішкентай болды: кішкентай ас мәзірі, кішкентай ыдыстар, даяшылар да кішкентай. Бұл мейрамханада не үлкен болды?

(Бағалары үлкен болды)


-  Күнделікті тұрмыста оның 5 мм-ден – 15-20см-лік ұзындықтағы дөңгелек түрін пайдаланамыз. Ерте кездерде ол төртбұрышты болған, ал соңғы кезерде бесбұрыштысын ұсынып жүр. Ол не?

(Шегелер)


- Африкалық суахили тайпасында алғашқы адам аспаннан жерге түсті деген аңыз бар. Алғашқы адамның жерге түсуіне көмектескендерді атаңыз?

(Керіктер)


- Өмірінде алғаш рет қалаға келген үндіс көшеде келе жатқан ақ адамды көреді. Ол қасына келген кезде үндіс: “Ақ адам жалқау, ол тіпті отырып жүреді” деген екен. Ақ адам қалай жүріп келеді?

(Ақ адам велосипедпен келе жатқан).


- Бір кездері ұлы адамдардың мамандық таңдауға кезінде ықпал еткен факторларды анықтауға зерттеулер жүргізілген. Нәтижесінде екінші орында- таныстарының ықпалы, үшінші орында –саяхат, төртінші орында – табиғаттың сырлары, әрі қарай ата-аналардың , мектептің, театрдың ролі болған екен. Ал бірінші орындағы ықпал етуші факторды атаңыз?

(Ұлы тұлғалаларға мамандық таңдауда ықпал еткен алғашқы орында кітаптар болған).


- Ортағасырларда Жерорта теңізінде орналасқан Менорка аралының астанасы -Майонның іргетасын қалаған кезде жұмыртқаның сары уызына араласқан цементті пайдаланған. Мемлекетті басқарып отырған Ришелье герцогі қалған шикі жұмыртқаның ақ уызынан тағам дайындауға жарлық берді. Нәтижесінде қандай тағам пайда

болды?

(Майоне қаласында пайда болған соус – Майонез)

ПП деген не?
«Құрмет белгісі» ордені туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу