«Құрмет белгісі» ордені туралы не білеміз?

Oinet.kz 09-08-2019 1925

tochka_11_301719054(1).jpg

Орден жарғысы:

1. «Құрмет белгісі» ордені өндірістегі, ғылыми-зерттеудегі, мемлекеттік, әлеуметтік-мәдени, спорттағы және басқа да қоғамдық пайдалы қызметтегі жоғары жетістіктері, сонымен қатар азаматтық айбыны үшін мaрапаттауға бекітілген. 

2. «Құрмет белгісі» орденімен ССРО азаматтары; кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, аудaндар, қалалар мен басқа да елді-мекендер марапатталады. «Құрмет белгісі» орденімен ССРО азаматтары емес тұлғалар да, шетел мемлекеттерінің кәсіпорындары, бірлестіктері, ұйымдары, аудандары, қалалары мен басқа да елді-мекендері мaрапаттала алады. 

3. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталады: өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, транспорттағы, байланыстағы, қоғамдық тамақтанудағы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы, тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсетудегі, халық шаруашылығының басқа да салаларындағы жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін; еңбек өнімділігін арттыруда, өнім сапасын арттырудағы, оны жасауға материалдық және еңбек шығынының төмендеткені, қоғамдық өндіріс тиімділігін арттыруда жоғары өнімділікке қолжеткізгені үшін; жоспарлы тапсырмаларды орындау және асырa орындау бойыншa социалистік жарыста жоғары нәтижеге қолжеткізгені үшін; өндіріске жаңа техника, технология, озық тәжірибе енгізгені, ерекше бағалы өнертабыс пен рационализаторлық ұсыныстар үшін; ғылыми-зерттеу қызметіндегі табыстары үшін; совет мәдениеті, әдебиеті, өнеріндегі, өскелең ұрпақты коммунистік тәрбие беру мен оқытудағы табыстары, жоғары білікті кaдрлар даярлаудағы, халыққа медициналық қызмет көрсетудегі, дене мәдениеті мен спорттағы және басқа да қоғамдық пайдалық қызметтегі шығармашылық табыстары үшін; елдің қорғаныс қабылеттілігін арттырудағы еңбегі үшін; мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі жемісті еңбегі үшін; ССРО мен өзге мемлекеттер арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және басқа да байланыстарды дамытудағы еңбегі үшін; адам өмірін құтқаруда, қоғамдық тәртіпті сaқтауда, табиғи апаттармен күрес кезінде көрсеткен батыл және тапқыр іс-қимылдары және басқа да азаматтық қайсарлығы үшін. 

4. «Құрмет белгісі» ордені сол жақ кеудеге, ССРО-ның басқа да ордендері болған жағдайда халықтар достығы орденінен кейін тағылaды.

Неге? Қалай? Қашан? Қызық екен...
Тасбақаның өзінде, шөбінде қасиет бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу