Ильфа Жансүгірованың Біләл Сүлеев туралы естелігінен

Oinet.kz 11-12-2019 1895

Қазақтың арыс азаматы Ілияс Жансүгіровтің қызы Ильфа Жансүгірова анасының алғашқы жары болған Біләл Сүлеевтің тасада қалып жатқанына, бүгінгі ұрпақтың ол жайында білмейтініне қатты қынжылады. 

image.png

Қиын-қыстау, зобалаң жылдары ғұмыр кешкен ұрпақтың бауырмашылдығы ерекше бола ма деймін. Ильфа Жансүгірова: "Бұл кісінің өмір жолын зерттейтін ұрпақ табылса жақсы болар еді. Мен әкем мен шешемнің мұраларын жинақтаймын деп, Сүлеевке көңіл бөле алмадым. Кезінде Темірбек Жүргеновтермен тең қызмет етсе де, мұқым халыққа аты бейтаныс. Ол "Алашордашылардың" бірі болған. Омбыда, Қазанда, Мәскеуде білім алған. "Қазақ" газетіне мақалалар да жазған", - деп мұңын шаққан екен. Мен де қолымнан келгенше жас ұрпақтың оларды тануына аз да болса үлесімді қосқым келеді. Бірақ, кейбір оқырмандарым бұл тағдырлы отбасы жайлы жазғанымды қаламайды. Бәлкім, анасы Фатиманың үш арыстай тұлғамызға тұрмысқа шыққанын ұнатпайды немесе ұлты татар болғаны үшін жақтырмайды. Айтпақшы, Алматы облысында Фатима Ғабитованың тұрған үйі сақталыпты. Әбден қирауға шақ қалған дейді көргендер. Сол үйді көру - бір арманым.

Ал мына суреттегі кішкентай бала - Біләл мен Фатиманың ұлы Жәнібек. Қасында Фатиманың әпкесі Мәрзия Ғабитова. Жәнібек Сүлеев 1923 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы 19 жасында ауыр жарақаттан қаза тауыпты. Қатал тағдыр, сүреңсіз өмір, аянышты өлім. Сол уақытта бес баласын құшақтап, зар жылап анасы қалған еді. "Жәнібек жараланып, Смоленскіде госпитальда көз жұмыпты. Сонда көппен бірге бір молаға жерленіпті. Анам өмір бойы Жәнібектің басына бір уыс топырақ салсам деп армандап өтті", - дейді асылдың ұрпағы Ильфа апамыз.

Әшірбек Сығай. Әнуар Боранбаев туралы естелігінен
Шерхан Мұртаза. Саттар Ерубаев туралы естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу