Әшірбек Сығай. Әнуар Боранбаев туралы естелігінен

Oinet.kz 11-12-2019 1811

Әнуар (Боранбаев) менен бір курс төмен оқыды. Сол студент жылдары араластық, жақын дос болдық. Әнуар үлкен талант иесі еді. Солай бола тұрса да, бауыры жазылып көсіле алмаған, бойындағысын сығып бере алмаған жан. Оған уақыт мұрша берді ме? Не бәрі 51 жасында қайтыс болды. Нағыз таланттар алпыс жасында кемеліне келіп, жарқырай түспеуші ме еді. Әнуар оған жете алмады. Әттеңі осы. Мүгедек болса да сахнадан кетпеді.

image.png

Соңғы рет Маңғыстауға гастрольмен барып қайтты. Сол жақтан келген бойда қатты ауырды. Өкпесіне суық тиген десті. Содан оңалмады ғой… Әнуарды еске алсам… бірге жүрген күндер, қызықты шақтар түседі. Бала кезінде тым ерке болды ма, әйтеуір "р"-ға тілі келмейтін. Содан көп қорлық көрді. Үнемі жаттығуының арқасында "р"-ды да жеңді.

Кейде ішкі жан-дүниесін әлде не мүжиме білмеймін, тісін қайрап, әлденеге ренжіп отыратын. Кейде "ақаңды да" сілтеп жіберіп, "бусанып" жүретін кездері де болды. Онда да сабырға шақырып әлек болушы едік. Ол тар шеңберге сыймайтын актер еді...

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Ғабит Мүсірепов ғашықтық туралы
Ильфа Жансүгірованың Біләл Сүлеев туралы естелігінен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу