Түркістан туралы шығарма

Oinet.kz 01-01-2020 9496

Түркістан - еліміздің рухани астаны. Ол еліміздің оңтүстігінде орналасқан. Жуырда ғана Түркістан облыс болып өзгертіліп, орталығы киелі Түркістан қаласы болып бекітілді. Ол қасиетті мекен саналады. Себебі қалада қасиетті, киелі мекендер көп салынған.

Znalezione obrazy dla zapytania түркістан

Түркістан – екі дүние есігі ғой,

Түркістан – ер түріктің бесігі ғой .

Тамаша Түркістандай жерде туған

Түріктің Тәңірі берген несібесі ғой, - деп Мағжан Жұмабаев ағамыз айтқандай бұл қала Алланың нұры жауған қала десе болады. Себебі қаншама соғыс, ұрыстан аман қалған. Қаланың табиғаты керемет. Ал сәулет өнеріне келсек олар қаншама ғасырды артқа өткеріп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Қалаға келуші туристер саны бүгінгі күнде бірнеше есе артқан. Өйткені қала күннен күнге құлпырып, заманауилық пен ескі заманның нақыштары орталанып, әдемі келбет беріп тұр. 

Бұл қала бүгінде үкімет назарында, оның дамуы, өркендеуі үшін аз күш жұмсалып жатқан жоқ. 

Қала көркін ашатын, қалаға кіре бергенде бірінші көзге түсетін Қожа Ахмет Ясауи кесенесі көпшілік үшін еліміздегі ең киелі, ең ескі тарихы бар жер саналады. Оны Әмір Темір ханның кезінде салынғалы бірнеше рет өңдеуден өткізген. 

Қала Қазақ хандығының ең алғаш астанасы болған. Өз кезінде қала Жібек жолының бойында орналасқа. Бұл жолдарды неше түрлі парсы, шығыс саудагерлерді кесіп өтіп, қаланың шығыс базарында сауда жасасқан. Ал қаланың өзінде ең жағдайы жақсы адамдар өмір сүрген деседі.

Заң туралы шығарма
Қайрат Рысқұлбеков туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу