Әжелер туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 979

Әзіл айтып өзара тең өскені,

Қазақтың кең даласы - бақ мекені.

Болғанда өмір - дария, айдын көркі,

аққудайын әжелер емес пе еді?


Әжелер - терең ойлы, ақ жаулықты,

Ұнатпаған селқостық, жалқаулықты.

Халқымыз әжелерден сол жаулықпен,

Береке, ынтымақ пен бақ тауыпты.


Өмір қызық таусылмас сұрағымен,

Айдын көлсің жайқалған құрағың - мен.

Мейірім, нұрға толы жанарыңды,

Әрқашан да сағынып тұрамын мен!

Тәуелсіздікке тағзым. Өлең
Нағашыларға арналған өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу