Тәуелсіздікке тағзым. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 1027

Тәуелсіздікке тағзым етем,

Егемендігіме қазық етем.

Іргеміз енді сөгілмесін деп,

Тыныштығын елдің тілеп өтемін.


Егемендікті алдың қазақ елім,

Кең байтақ міне, далаң сенің,

Тәуелсіздік туын берік ұстап,

Жайнай бер менің қасиетті жерім.


Ата-бабам сені аңсап өткен,

Аманат етіп тастап кеткен.

Бостандық үшін жан аямай,

Шыбын жанын құрбан еткен.


Ата-баба арманы орындалды,

Тәуелсіздікті елім қолына алды.

Іргелес елдің келісімін алып,

Шекарасына елдің белгі салды.

Серік Дербісбаев

Ұстазыма арналған өлең
Әжелер туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу