Атырауда отандастарын қолдау үшін митингіге шыққан азаматтар ұсталды

Oinet.kz 03-07-2022 785

1 шілде күні Атырау алаңына Қарақалпақ халқын қолдау үшін рұқсатсыз митинг өткізілді. Митингке шыққан 70-тен астам адамның көбі ұсталып, тергелді. Артынша босатылған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Screenshot_1.jpg

"Алаңға шамамен 75 адам жиналған. Рұқсат етілмеген митинг өткізген. Көбі ұсталып, тергеліп, босатылды. Бізде қазір "Мигрант" жедел-профилактикалық шаралары да жүріп жатыр. Сол себепті ұсталғандар арасында Атырау облысында құжатсыз, заңсыз жүрген адамдар да болған. Оларға әкімшілік айыппұл қолданылады ғой. Көбі босатылды, кейбірі сот шешімін күтеді",- деді Атырау облысы полициясының баспасөз қызметінің өкілдері Азаттыққа.

Оның айтуынша, ұсталғандар арасында Өзбекстаннан бөлек, өзге ел азаматтары да бар. Ведомство өкілдері өзге сұрақтарды көші-қон қызметіне қою керектігін айтты. Ал Атырау облыстық көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Әділжан Жаншин бар ақпаратты баспасөз қызметі беретінін мәлімдеген.

2 шілдеде әлеуметтік желіде Атырауда жұмыс істейтін Қарақалпақстаннан келген жұмысшының видеосын жариялаған. Онда жұмысшы Қарақалпақстанға байланысты наразылықтың бәрін полицияның басып тастап жатқанын айтып, наразылыққа шықпауға үндеген.

Оның сөзіне сенсек, видео 2 шілдеде түнгі сағат 2 шамасында жазылған. Ол өзі сияқты 40 шақты қарақалпақ азаматының полициядан шыққанын айтады, кейбірі сот шешімін күтпек.

Тағы да ана өлімі: Павлодарда үш баланың анасы босанған соң үш күннен кейін көз жұмды
Қадір түніндегі қаза: Таксиде қайтыс болған жігіттің ісі түлкібұлаңға салынып кеткен жоқ па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу