Дос туралы өлең

Oinet.kz 14-01-2020 1467

Достың сырын білгің келсе,

Бастық етіп бір сына.

Сөзі жүрек тілгілесе,

Досқа өкпелеп, ыршыма.


Бастық болса, лепіреді,

Көтеріліп көкірегі.

Көзге ілмей ешбір жанды,

Сөйлей алмай жекіреді.


Өткен жайды ұмытады,

Мықтыларды пір тұтады.

Дүниеге көзі тоймай,

Аз-көп демей қылғытады.


Қымыз түсер сабасына,

Адам келер тобасын.

Түссе орнынан жетер сонда,

Достықтың шын бағасына.

Серік Дербісбаев

Таң жұлдызы. Өлең
Сұлуын құшып жалғанның. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу