Ахмет Байтұрсынов. «Сөз иесін»

Oinet.kz 16-09-2018 1191

Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап-сары, аяқтары ұзын маса:

Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

Дегенмен қара, яки қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша,

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса?!

Ахмет Байтұрсынов. «Ғылым»
Ақан сері Қорамсаұлы. «Айтамын замандасқа біраз кеңес»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу