Бақытгүл Бабаш. «Өкінбеймін»

Oinet.kz 18-09-2019 1545

MILANA-STUDIO_100-640x480@2x.jpg

Өлердей сүйгенім шын. 

Сен ғана деп өмірдің мағынасы, 

Сен ғана деп базарым, бағым асыл. 

Бір-ақ күнде бәрі ұмыт болғаны үшін, 

Жүрегіңе кінә артып неғыласың? 


Жерден біраз биіктеп кетіп едім, 

Шерге оранып оралды көкірегім. 

Кінәлама қырсықтау мінезімді. 

Кінәлама жүректі, өтінемін. 


Енді өзіңсіз, білмеймін, күле алам ба? 

Сергелдең көп болады-ау, сірә, адамда? 

Қыз біткеннен қызғанып, жылап қалар 

Жасы кеппес жүректі кінәлама. 


Ұша алмаса қайтейін өрге құсым, 

Түсе алмаса төменге төрдегім шын. 

Кінәлама. 

Менің зағип көздері жүрегімнің, 

Жазалы емес тек сені көргені үшін…

Бақытгүл Бабаш. «Ай да болғым келмейді, аспаны бар»
Ерболат Баятұлы. «Жұмақтағы гүл!.»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу