«Туристік креативті қала бейнесі» форумы туристік индустрияны дамытуға негіз болмақ

Oinet.kz 27-09-2021 1085

Screenshot_4.jpg

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов барша тұрғындарды – Дүниежүзілік туризм күні мерекесімен құттықтады.

Дүниежүзілік туризм күніне орай екі күнге созылған форум «Қазақ ауылынан» басталған еді. Шымкент – туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, еліміздегі өзінің тарихи өзегін сақтап қалған бірегей қала. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, әлемдегі әрбір оныншы жұмыс орнын ашып отырған туризм саласы кез келген өңір үшін перспективалық табыс көздерінің бірі болып саналады. «Шымкент 2200: туристік креативті қала бейнесі» іс-шарасы туристік индустрияны дамытудың бәсекеге қабілетті және табысты жобаларын анықтауға және өзара табысты ынтымақтастық орнатуға таптырмас алаң болмақ.

«Қазақ ауылына» келуші Нұр-Сұлтан қаласы және Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының туристік сала өкілдері шаһардың қолөнершілері мен суретшілерінің туындыларымен танысып, жергілікті ас үй тағамдарынан дәм татып, театрландырылған қойылымдарды тамашалады.

Бұдан бөлек, іс-шараға қатысушылар Цитадель көне қалашығы, Сайрам тұрғын алабындағы Ибрагим ата, Қарашаш ана кесенелері, Бәйдібек би ескерткіші, «Қазына» этно-кешені, Жайлаукөл саябағы, А. Асқаров атындағы Дендросаябаққа және арбат алаңындағы «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ақпараттық дүңгіршегі сынды біршама нысандарын аралады.

Шымкент қаласының әкімі «Шымкент-2200» форум-көрмесіне қатысты
Шымкентте туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу