Шымкентте туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды

Oinet.kz 27-09-2021 1154

Screenshot_5.jpg

«Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов барша тұрғындарды – Дүниежүзілік туризм күні мерекесімен құттықтады.

Форумның екінші күнінде креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің жетекшісі Данат Жумин, «Salem Coffee» және «Global Coffee» кофеханалар желісінің негізін қалаушы Аят Азимов, Шымкент қалалық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және басқа да туристік қызмет көрсететін кәсіп өкілдері жетістіктерін айтып, идеяларымен бөлісті. –Мемлекет басшысы туризм индустриясы экономикалық өсімнің маңызды драйвері болуы тиіс екендігін айтты. Әлемдегі көптеген қалалардың экономикасы туризм табысынан құралады. Осы мүмкіндік Шымкент қаласының даму бағдары болуы керек. 

Туристік креативті қала қалыптастыру бойынша бүгінгі форум-көрмеде қаламызда туризм индустриясын дамыту мүмкіндіктері қарастырылады. Қала аумағында ежелгі Сайрам тұрғын алабында сопылық ілімнің негізін қалаушы Қ.Ясауидің туған жері, сондай-ақ ата-анасы «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері орналасқан. Сондықтан оңтүстік өңірінің тарихи-сакралды туризміне саяхат Шымкент қаласынан бастау алады,- деді қала әкімі М.Әйтенов. Қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚУ арасында, сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз туризм», «OCA TRAVEL» туристік агенттігі арасында екі жақты келісімге қол қойылып, жеңімпаздар марапатталды. 

Айта кету керек, Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен қолға алынған «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» конкурсына 6 сала бойынша 70-тен аса өтінім түскен. Олар – медиа, IT-жоба, креативті архитектура, туризм саласындағы креативті қызметтер, қаланың қолөнер бренді және гастрономия (Шымкент дәмі). Өтінімдердің басым бөлігі IT-жоба мен креативті сәулет салаларының үлесінде. Әр жобада Шымкент қаласын креативті қалаға айналдыру мақсатында шаһарда бұрын-соңды болмаған дүниелер де бар. Конкурс қатысушылары форум-көрмеде марапатталды. Барлық қатысушы бағалы сыйлықтарға және сертификаттарға ие болды.

«Туристік креативті қала бейнесі» форумы туристік индустрияны дамытуға негіз болмақ
Туристік қызмет көрсететін кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу