Шымкентте «Радио күні» аталып өтті

Oinet.kz 01-10-2021 1101

Screenshot_2.jpg

1 қазан — Радио күніне орай Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында республикаға үні тарап жүрген радиотілшілер бас қосты.  1921 жылы Орынбордан алғаш хабар таратқан Қазақ радиосынына 100 жыл толып отыр. 

Жиынды ашқан Шымкент қаласы әкімі М. Әйтенов БАҚ саласының күретамырына айналған радио саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.

— Радио —медианың ең өміршең,  ақпаратты жедел,  әрі нақты таратуда алдыңғы қатарда келе жатқан саласы. Шымкентте биыл «Қазақ радиосының»  100 жылдығына орай көше берілді. Әрдайым ел игілігі үшін еткен еңбектеріңіз жана берсін,  - деп мерекелік лебізін білдірген қала әкімі  қонақтарға сый-сияпат жасап,  мегаполистің символына айналған қызғалдақтың тұқымын тарту етті.

Жиынға М.Садық,  Б. Төлепберген,  Г. Нәлібай,  А. Габдуллина,  Е. Елеукен,  Л. Омарова,  А,. Садырбай сынды республикаға танылған радиожурналистер мен өңіріміздің ардагерлері Р. Шәймерденова,  Т. Болдина қатысты.

Басқосу барысында «Қазақ радиосының»  бұрынғы директоры,  радио-сарапшы Махат Кәбірұлы қаламгер әріптестерін құттықтады.

— Әлемдік телеарналарды дүниенің түкпір-түкпірінен кез келген арнаны көре аласыз. Алайда,  радиоарналар өз ұлты,  мемлекеті үшін жұмыс істейді. Ұлты үшін еңбек еткен бұл сала қызметкерлерінің еңбегі орасан,  -деп атап өтті М. Садық. 

Ал,  «Шалқар» радиосының директоры Болатбек Төлепберген осындай шараның ұйымдастырылуына мұрындық болған қала әкіміне алғысын білдіріп,  «Қазақстан» РТРК басқарма төрайымы Л. Танысбайдың құттықтауын жеткізді.

Сондай-ақ,  Шымкенттен шыққан республикалық радиоарна тілшілері де жүрекжарды лебіздерін білдіріп,  мегаполистің өз радиосы құрылса деген тілектерін жеткізді. 

Кітапханадағы басқосудан соң зиялы қауым өкілдері ескі қалашықтағы этноауылды аралады. 

Мұрат Әйтенов ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады
​Шымкенттік ардагерлер «Домалақ ана» операсын тамашалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу