​Шымкенттік ардагерлер «Домалақ ана» операсын тамашалады

Oinet.kz 30-09-2021 755

Screenshot_3.jpg

Қартын қадірлеген елдің болашағы жарқын. Қарт жүрген жер - берекеге толы. Сондықтан да қарттарды қадірлеу басты назарда. Шымкент қаласында қарт кісілер аз емес. Оларға барынша жағдай жасап, құрмет көрсету өте маңызды.

Осы орайда Шымкент қалалық опера және балет театры аты аңызға айналған әулие ана – Домалақ анаға арналған операны шаһардың қарт көрермендеріне тарту етті.  1 қазан халықаралық қарттар күніне арналған арнайы қойылымды 200-ге жуық ардагер тамашалады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры және басты рөлді сомдаушы Майра Мұхамедқызының жеке шығармашылық идеясынан туындаған. 

Тәуелсіз Қазақстан жылдарында жазылған екінші опера – Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсы көпшілік өнер сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. Опера осымен 30-шы рет сахналанып отыр. Бұл Қарттар күні қарсаңында шымкенттік қарияларға өнер ұжымы тарапынан көрсетілген аз ғана құрметтің бірі.

Шымкентте «Радио күні» аталып өтті
Тұрғын үйлер мәселесін реттеуге инвесторлар тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу