Тұрғын үйлер мәселесін реттеуге инвесторлар тартылады

Oinet.kz 30-09-2021 980

Screenshot_4.jpg

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков «Отырар» телеарнасының «Халық пен билік» бағдарламасына қатысып, тікелей эфир арқылы тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. 

Тұрғындар сұрақтарды телеарнаның байланыс нөмірі мен «Whats Aap»  және «Instagram» желілері арқылы жолдады. Эфир барысында тұрғындардан түскен өзекті мәселелердің дені әлеуметтік сала мен қаладағы тозығы жеткен үйлерге қатысты болды. 

Қазіргі таңда, қалада 2 296 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарына дейін салынған 107 үй техникалық зерттеу қорытындысы негізінде тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үй ретінде сүруге ұсынылған. Е.Білісбековтың сөзінше, бүгінде арнайы бағдарлама аясында тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан бұл іске инвесторларды тарту жұмыстары да жүргізілуде. 

Бір сағатқа созылған эфирде әкім орынбасары өзі жетекшілік ететін тұрғын үй, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмысын қысқаша баяндап,  көрермендердің сұрақтарына толық жауап берді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков тұрғындарды  алдын-ала жазылу бойынша, аптаның бейсенбі және жұма күндері онлайн  қабылдайды.

​Шымкенттік ардагерлер «Домалақ ана» операсын тамашалады
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу