Шымкентке 55 млрд теңгенің инвестициясы тартылды

Oinet.kz 14-10-2021 936

Screenshot_2.jpg

Еліміздегі үшінші мегаполис - Шымкент қаласы зор қарқынмен дамып келеді. Бүгінде қалада көптеген нысандар салынып, өз иелерін табуда. Болашағы жарқын қалада тұрғысы келетін азаматтар саны көбейгендіктен тұрғын-үйлер кешені көптеп салынуда. Бұл өз кезегінде коммерциялық нысандар мен сервистік нысандардың салынуына ықпал етеді. Осы орайда қалаға инвестор тарту өте өзекті. Инвесторлар тарту жұмысымен қала әкімдігіне қарасты "Шымкент" ӘКК айналысады. Аталған корпорация бүгінде қалаға көптеген инвестиция тартты. Бұл қаланың экономикасының дамуына зор ықпал етті.

Күні кеше ғана "Шымкент" ӘКК жалпы сомасы 55 млрд теңге болатын 5 жоба бойынша инвесторлармен меморандумға отырды. Бұл туралы "Шымкент" ӘКК АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаттабеков мәлімдеді. 

" Медицина қызметкерлері үшін 12 қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу жобасы; Бәйдібек би даңғылындағы тұрғын үй құрылысы жобасы; "Sauran golf" гольф клубын салу жобасы; Жұмыртқа бағытындағы құс фабрикасын салу жобасы; UEFA стандарттары бойынша 2 футбол алаңын салу жобасы қолға алынды, - дейді Ерлан Қаттабеков. 

Корпорация инвесторларға жұмыстарын алаңсыз атқаруға бар мүмкіндікті жасайды. Инвесторлар жұмыстарын сәтті аяқтап, қала тұрғындарына пайдалануға уақтылы беруі - басты назарда. Алдағы уақытта қалаға тағы да инвестиция тартыла бермек. Корпорация осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізеді.


Пройдет международная конференция, посвященная роли Шымкента на Великом Шелковом пути
Ерназар Байділбаев: Туристер қаланы 3D тур арқылы тамашалай алады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу