Ерназар Байділбаев: Туристер қаланы 3D тур арқылы тамашалай алады

Oinet.kz 01-10-2021 644

Screenshot_8.jpg

Жақында Шымкентте  «Shymkent 2200: Туристік креативті қала бейнесі» форум-көрмесі өтті. Көрменің мақсаты - қала экономикасын дамытуда тың жобаларды қолға алып, оларды жүзеге асыру болды. Форум аясында ұйымдастырылған креативті жобалар конкурсы да өз жеңімпазын тапты. Жарыс қорытындысы бойынша Ерназар Байділбаев « IТ» бағытындағы үздік жоба иесі атанды. 

- Менің жобамның атауы – Шымкент қаласының 3D туры. Мәселен, қалаға келген қонақтар 1 апта ішінде қаламен толықтай таныса алмауы мүмкін. Сондай жағдайда менің жобам қаламен сырттай 3D түрде танысуға мүмкіндік береді, - деді Ерназар Байділбаев.

3D туры арқылы туристер қаланы қалағанынша зерттеп, бақылай алады. 

Туристік креативті қала бейнесін ұсынған азаматтар түрлі сый-сияпаттармен марапатталып, туристік сала өкілдерінен арнайы турларға сертификаттар және мейрамханаларда тамақтану жеңілдіктерін алды. Сондай-ақ,  Іс-шара аясында қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы, Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасы, М.Әуезов атындағы ОҚУ арасында, сонымен қатар, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы мен «Тараз туризм», «OCA TRAVEL» туристік агенттігі арасында екі жақты келісімге қол қойылды.

Шымкентке 55 млрд теңгенің инвестициясы тартылды
Данат Жумин Шымкенттің туристік әлеуетін жоғары бағалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу