Шымкент – инновация жұмылдыру бойынша алғашқы орында

Oinet.kz 29-10-2021 792

Screenshot_16.jpg

Үшінші мегаполис инвестиция тарту бойынша 2021 жылы Қазақстанда бірінші сатыға шықты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникация орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Жиында «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның 9 айда атқарылған жұмыстары баяндалды. 

АҚ басқармасының төрағасы Бауыржан Канкиннің мәліметінше, 2019 жылы негізгі капиталға құйылған инвестиция бойынша Шымкент 17-орында болса, 2020 жылы 2 орынға шығып, биыл көш бастап келеді. 

– Қазіргі уақытта «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» жеке инвесторлармен бірлесіп 100 жобаны жүзеге асыруда. Ол инвестициялық жобалар портфелінің жалпы сомасы 679,4 млрд теңгені құрайды. 2021 жылдың 9 айының алдын ала есебі бойынша «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» пайдасы 2,9 млрд теңгені құрады. Ал жалпы биыл 5,6 млрд теңге таза пайда көрсеткіші күтілуде, – деді Бауыржан Тоқболатұлы. 

ӘКК жұмысының негізгі бағытының бірі – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру. Осының аясында 2020 жылы жалпы салмағы 7 600 тонна болатын ұн, қант, күріш, қарақұмық, күнбағыс майы, макарон секілді азық-түлік тауарлары сатып алынған. 

«Ал 2021 жылдан бастап ӘКК қарыз беру тетігіне көшті. Бұл бүкіл Шымкент қаласын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтуға мүмкіндік береді», – деді спикер. 

Айта кетейік, «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидаттарының негізінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына көмектесу бойынша жұмыс атқарады.

Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің саны 87 076 бірлікке жетті
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы жемісін беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу