Сәби жөргектері шығарылады

Oinet.kz 27-09-2024 54

Президент Қ.Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт.Берекелі қоғам" атты  Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп,  халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау  мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің  дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын. 

Screenshot_12.jpg

Экономиканың күре тамыры - кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық.  Бүгінде ауданда кәсібінің нә-сібін көріп жүрген жандар аз емес.  Соның бірі Сайрам ауданы,  Шапырашты ауылының тұрғыны  Сүйін Бейімбет Жұмабекұлы.  Бейімбет Жұмабекұлы Түркияның кәсіпкерлерімен бірлесіп, Ақсукент ауылынан  Capable qroup атты бала жөргектерін шығаратын кәсіпорын ашқан. Бұндай жоба ауданда бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Күніне 180 мыңнан астам жөргек шығаратын кәсіпорынның жұмысы бүгінде  қарқынды. 2-ден 6-ға дейінгі  өлшемдегі  «Симбо бейби»  және « Алтын бала» атты екі түрлі жөргек шығарады.  Жөргекке оннан астам шикізат түрі қосылады екен.   Бұндай шикізаттар  мен жөргек өңдейтін технологиялар  Түркия мен Америкадан жеткізілген. Өз кәсібін төрт жыл бұрын бастаған жас кәсіпкер Бейімбет Жұмабекұлы басқа-басқа емес, дәл осы кәсіп түрін таңдағанын  бала жөргегінің күннен-күнге қымбаттап бара жатқанымен байланыстырады. «Сөздің шынын айту керек, бүгінде нәрестелер мен бүлдіршіндерді  жөргексіз елестету мүмкін емес.

Ғылым мен технология қарыштаған сайын, өмір сүру жеңілдей береді. Қазір сәбилерге кигізетін бір реттік жөргек – аналар үшін таптырмайтын көмекшіге айналды. Жаялық жуып шаршамайсың. Нарықты жаулаған жөргектің сан түрі  бар. Ұлға дейсіз бе, қызға дейсіз бе түр-түрі бар. 

Бір күнде бірнеше жөргек қалтаға әжептеуір салмақ салады. Сондықтан осындай өнімдерді өзімізден шығарып,  қол жетімді бағада сатуды жөн көрдік»  дейді ол.  Кәсіпкер кәсіпорынды ашуда аз еңбектенбеген.  Түркияның жөргек шығарудың қыр-сырын меңгерген бірнеше мамандарымен  бірлесіп қолға алған.

Бейімбет  үшінші топ мүгедегі. Қазірше мемлекет тарапынан мүгедектігіне байланысты салық төлеуден босату сынды көмек түрін қанағат тұтып,  өз арбасын өзі сүйреп жүрген жайы бар.  

Сонымен қатар, 40-тан  астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Операторлар техникалық аппаратқа  шикізаттарды салып, жөргек дайындаумен айналысса қалған жұмысшылар   дайын болған өнімдерді жинап, арнайы қалташаларға салып  қаттаумен айналысады. Мұнда дайын өнімдерді есептеп сатумен айналысатын мамандар да қарастырылған.  Жұмысшылар 8 сағат бойы  жұмыс істейді.  Олардың  арасында І,ІІ,ІІІ топ мүгедектігі  бар азаматтар  бар. Азаматтардың  денсаулығына байланысты бірнеше сағаттық  жұмыс уақыты қарастырылған. 

Бұрын-соңды бұндай орында жұмыс істемеген жұмысшылар үшін шет елден келген техникада  жұмыс істеу әсте оңай емес.  Осы себепті Түркиядан осы кәсіпте  шыңдалған бірнеше мамандарды алдыртқан.  Олар техниканың тілін жетік меңгерген. Бейімбеттің  айтуынша   бізге техниканың тілін білетін мамандар керек -ақ.  Кейінгі кезде жөргектерге тапсырыс өте көп түсіп жатыр.  Еліміздің барлық аймағына таратылады. Шет елге шығару жоспарда бар. Сондай-ақ, тапсырысқа сай ересектерге де  арналған жөргектерді шығарады. 

С.АБЫЛБЕКОВА

Референдумға түркістандықтардың 75,31 пайызы қатысып өз таңдауын жасады
Ерінгеннің бәрі етікші емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу