Баланың өтірігінің алдын алуға бола ма?

Oinet.kz 30-04-2019 764

Күнделікті өмірде біз барлығымыз тиіттей болса да өтірік айтатынымыз шындық. Балаларда кейде ата-аналарына өтірік айтып қояды. Егер балаңыздың өтірігі тым жиілеп кетсе, қандай шара қолдану керек? Ендеше мына кеңестерді оқып, пайдаңызға жаратыңыз.         

өтірік айту.jpg

Баланың өтірігінің бетін ашып, жазаламас бұрын ең алдымен балаңызды өтірік айтуға қандай себеп итермелегенін анықтап алыңыз. Бала жасаған әрекеті өзін жаман адам етіп көрсететінін сезінбеуі керек. Жаман әрекет болады, бірақ жаман адам болмайды! «Кет ары, мен сені осындай қылығың үшін жақсы көрмеймін!» деген сөздерді айта көрмеңіз. Мұндай жағдайда  балаңыз өзін сіздің алдыңызда жақсы көрсету үшін одан ары өтірікті әсірелеп айтатын болады. Көптеген балалар сәтсіздік алдындағы үрейден өтірікті көп айтады. Балаңызға өзіңіздің қиындықтар мен сәтсіздіктерді қалай жеңетіндігіңіз туралы айтып беріңіз, ол да сізден үлгі алып үйренсін. Өзінің қателіктерін мойындау және оны түзетудің жақсы әрекет екендігін де ұғындырыңыз. Балаңыздың өтірік айтқанын қаламайсыз ба? Онда өзіңіз де өтірік айтпаңыз! Әр сөзіңізге, әрекетіңізге абай болыңыз!

Егер балаңыздың сізге өтірік айтқанын біліп қойсаңыз, бірден айқай-шу шығарып, ұрыспаңыз. Мұндай жағдайда сабырлылық танытып, дауысыңызды көтермей, жай сөйлеп, балаңызбен оңаша ересектерше әңгімелесіңіз. Егер бірден айқайға бассаңыз, онда ол сіздің қаһарыңыздан өзін қорғау үшін одан ары өтірік айтуын жалғастыра береді. Өтірік айтқанын біліп тұрсаңыз, сенген кейіп танытпаңыз, керісінше, балаңыздың ойдан шығарып жатқанын сол мезетте айтыңыз.

Жағдайды талдаңыз, өтіріктің туылу себебін анықтауға тырысыңыз. Бекерден-бекер бала сізге өтірік айтпайды, мұндай әрекетке баруға оны жан-жағында болып жатқан жағдай итермелейді. Ата-анасы балаға түсіністікпен қараса, бұл оң нәтиже берері сөзсіз.

Аяққа қарап мінезін таны
Ел жаңа Хюрремді жақтырмай жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу