Жүкті әйелдерге арналған пайдалы кеңестер

Oinet.kz 10-02-2020 1389

Жүкті әйелдің ағзасына қажетті ақуыз, майлар мен көмірсулардан басқа минералды заттар мен дәрумендер керек. Сондықтан күнделікті тамақтануда көкөніс, жеміс-жидек шырындары маңызды орын алу қажет.

unnamed.jpg

Алма

Біздің аймақта ең көп таралған жеміс. Оны бүтін және кепкен күйінде жей беруге болады. Түрлі тағамдарға қосады. Тістелген соң алма тез қараяды. Себебі ол – темір қоймасы. Аяғы ауыр әйел үшін қандағы темірдің болуы аса маңызды. Егер қанда темірдің мөлшері аз болса, анемияға шалдығуы әбден мүмкін. Ал ол жүкті әйел мен ұрықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Алма қандағы қанттың қажетті мөлшерін ұстап тұруға көмектесетін талшықтарға бай. Оның құрамындағы фитонцидер, мыс пен В тобындағы дәрумендер зат айналымын жақсартады. «Күніне бір алма жесең, дәрігердің қажеті жоқ» деген қағиданы американдықтар бекер айтпаса керек.

Банан

Бананның пайдасы мен бірге қарын тойдырады. Бұл жеміс калийге бай, ол жүрек, бауыр, ми тіні, сүйек пен тіске, әсіресе бұлшық еттерге қажет. 100 г жұмсағында 375 мг калий бар, ал ол ісіну кезінде су-тұз айналымын жақсартады. Жүкті әйелдер үшін, әсіресе, жүрегі айнып, құсқысы келіп тұратын токсикоз кезінде пайдалы. Алайда құрамында қант көп болғандықтан, бананды қант диабетіне шалдыққан жүкті әйелдерге жеуге болмайды.

Киви

Құрамында дәрумендер мен минералдық элементтердің молдығымен ерекшеленетін жемістердің бірі. Оның құрамында денсаулықты нығайтып, іштегі ұрықты құнарлы заттардың тапшылығынан сақтауға септігін тигізетін: темір, кальций, фосфор мен мырыш жеткілікті. Алайда кивиді шектен тыс артық жеуге болмайтынын ескеру керек. Себебі кей кезде ол аллергиялық рекция тудыруы мүмкін.

Итмұрын

С дәрумені жағынан итмұрын ешқандай жеміске тең келмейді. Жаңа піскен итмұрынның құрамында С дәрумені қарақаттан он есе, лимоннан елу есе, алмадын жүз есе көп. Тәуліктегі қажеттілікті өтеу үшін кепкен итмұрын жемісінің бірнеше талын жесе жетіп жатыр. Ал С дәрумені ағзаны т үрлі инфекциядан қорғап, зат айналымын жақсартады. Итмұрын жемісінде В1, В2, В6, РР, Е, К дәрумендері бар. Сондай-ақ темір, мыс, кальций, калий, магний, марганец сияқты өмірлік маңызы зор заттарға да бай. Болашақ аналардың күніне 1-2 стакан итмұрын тұнбасын ішкен абзал. Сонымен қатар, темірдің сіңірілуін жақстартады.

Қызылша

Қызылшаны жеу жүктілікті жоспарлап жүрген және жүкті болған әйелдерге өте пайдалы. Себебі, қызылшада жаңа туған сәбидің туа біткен, дәлірек айтқанда жүйке жүйесі түтіктерінің ақауларын болдырмайтын фолий қышқылы бар.

Жүкті әйелдің тамақтану ережесі қарапайым. Басты қағиданы ұстанса болғаны – ас мәзірін неғұрлым түрлендіру, ас қабылдау режимін бұлжытпай сақтау, тамақты шақтап ішу, жайлы ас қорытуға арналған жағдай тудыру. Егер тамақтану режимін сақтап, пайдалы азықтарды шақтап жесеңіз, жүктілік те табиғат заңдылықтарына сәйкес өтеді.

Балаңыз табысты болсын десеңіз
Үйге арналған шаңсорғышты қалай таңдауға болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу