Көз астының қараюы нені білдіреді?

Oinet.kz 02-01-2020 19063

Біз адамдарды бет-әлпетіне қарап танимыз, ажыратамыз. Алланың берген ажары оның мінез-құлқын, жасын ғана айқындап бермейді, сондай-ақ ол көзбен көре алмасақ та сезіне алатын ішкі ағзаларымыздың хабаршысы. Бір сөзбен айтқанда біздің бет-пішініміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын механизм. Кейде үлкендердің «реңің бозарып кетіпті...» немесе «көзің қызарып кетіпті, бір жерің ауырып тұр ма?» деп сұрауы бекер емес. Демек көздің, мұрынның қызаруы, беттің ісуі, қышуы ішкі ағзаларымыздың біріне зақым келгендігін білдіреді. Алайда біз ағзамыздың дабылына назар аудара бермейміз. Қолды бір сілтеп қоя салуымыздың салдары ертең өзімізді шыр айналдыратынын сезе бермейміз. Ауырып ем іздегенше ауырмаудың жолын іздейік! Денсаулығымыз нашарлағанда байқалатын көз асты қараюының себебі мен салдарын айтамыз ендеше. 

e9e5f241b6689049f8f734c040930e66.jpg

Көз жанарының саулығына мән бергенімен оның айналасында туындайтын қара дақтарға соншалықты көңіл бөлмейтініміз рас. Себебі ол жаныңызға батпайды, ауырмайды. Сөйтеміз де әсіресе, қыз-келіншектер оны түрлі крем, опалармен жасырып қоюға тырысамыз. Күңгірт дақтарды жасырғанша оның себебін анықтауға асығыңыз. Өйткені адамның ағзасы бір-бірімен жалғасқан. Көзге қарап адам бойындағы барлық ауруларды анықтауға болады. Көз айналасының қараюының бірнеше себептері бар: 

1. Ұйқы режимінің бұзылуы. Дәрігерлер пациенттерге тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Адам ұйықтағанда барлық мүшелері дем алып, жұмысы жақсара түседі. Ал түнгі ұйқы шала болып, тәуліктеп ұйықтамай жүрген адамның ең алдымен миы шаршайды. Ал көз біздің миымызбен жалғасқан мүшелердің бірі. Ми тынықпаған соң ол тікелей көзге әсер етіп, нәтижесінде көзіміздің асты ісіп, қараяды. 

2. Мамандар көз айналасының қараюының тағы бір себебі  қанның аздығы дейді. Тамырда ағып жатқан қан азайғанда ағзадан эротроциттер аз бөлінеді. Салдарынан көз асты терісі қарая бастайды. 

3. Көз терісінің күңгірттенуі ағзаны түрлі шлактардан тазартып отыратын бүйрек жұмысының бұзылғанын білдіреді. Бүйрек ағзадағы суды реттейтіндіктен, оның жұмысы бұзылса, қан айналымы нашарлайды. Қан айналымның нашарлауы көз айналасында қара шеңбердің пайда болуына әкеп соғады. 

4. Жүрек ауруларының алғашқы белгісі көз астының қараюы болып табылады. Тіршіліктің басты нышаны жүрек жұмысы әлсірегенде  кіші және үлкен қан айналысы шеңберлерінде қан іркілу белгілері пайда болады. 

5. Көз маңындағы терінің қан жолдары көп болады және олар теріге өте жақын орналасады. Егер көз астының терісі жұқарса майда қан тамырлар едірейіп шыға келеді де тері көгерген секілді болып қалады. 

6. Дене бітіміне көңілі толмайтын адамдардың кейде артық қыламын деп тыртық қылатын әдеті бар. Толық жандардың бірден салмақ тастауы көз терісіне де әсер етеді екен.

«Сау адамның басында алтын тәж бар, оны тек ауру адам көре алады...»
Денеге жарақат түссе не істеу керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу