Термометр сынғанда...

Oinet.kz 25-05-2020 857

Дене қызуын өлшейтін сынап термометрі ауырғанда көмекке келгенімен, сынған жағдайда өзіңізге жау болуы мүмкін. Себебі оның ішінде адам денсаулығына аса қауіпті зат – сынап кездеседі. Стандартты термометрде 5 грамм сынап болады. Сол 5 граммның өзі адамды әбден әлсіретіп, денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. 

Термометр Little Doctor LD-300 электронный цифровой в Алматы ...

Сынған термометрдегі сынап, әсіресе оның буы тамағыңызды алқымынан алады. Сондай-ақ тәбетті қашыртып, басты ауыртады, ауыздан металлдың дәмі кетпей қояды, сілекей шұбыра береді, жүрек айнып, құсық келеді. Бұл белгілер сынаптан уланған адамда бірден пайда болмауы мүмкін. Бір апта, тіпті бір айдан кейін аталған белгілерді байқай бастасаңыз, дереу дәрігерге қаралған жөн. Құрылғы сынған жағдайда оны жалаңаш қолмен ұстамаңыз. Медициналық резеңке немесе целлофан киіп, шашыраған сынап бөліктерін кәдімгі скотчпен немесе суға малынған қағазбен жинау керек.  Қауіпті буды жұтып қоймас үшін, дәкені 1 қасық ас содасы қосылған стақан суға араластырып ауыз-мұрынға тағып алған жөн.

Рапунцель синдромы
Ара шаққаннан адам өле ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу