Жасөспірімдер және суицид

Oinet.kz 26-05-2020 1125

Өзіне-өзі қол жұмсау-философиялық , психологиялық, әлеуметтік, әлеуметтік , медициналық , адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі, көп қырлы феномен.  Аталмыш мәселенің жасөспірімдер арасында кең етек жайғаны мәлім. Жасөспірімдік шақта кездесетін қиындықтарды көтере алмау, айналадағылармен тіл табыспау, психологияның толық қалыптаспағандығы, міне,осы және т.б себептерден өскелең ұрпақ арасында суицид мәселесі артып отыр.

Шестиклассник совершил суицид в Актюбинской области

Суицидтің алдын алу үшін ата-аналар,мұғалімдер,психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, салауатты өмір салтын қалыптастырушы мамандар,бұқаралық ақпарат құралдары бірлесе жұмыс атқару керек. Яғни ең алдымен алдын алу жұмыстары жасалу қажет: жасөспірімдер мен жастар арасында осы тақырыпта дәрістер,әңгімелесулер , сұхбаттасуда, кеңес беру, сұрақ-жауап сияқты жұмыстардың көбірек жүргізілгені дұрыс. Суицидке баратын адамдар көбінесе ішкі жан күйзелісін басынан кешіреді немесе қатты стресс жағдайында болады,сонымен қатар психикалық ауырулармен,көңіл күй бұзылыстарымен,әсіресе депрессиямен зардап шегеді және болашақ өмір қызықтырмайтын болып келеді.

Жастар арасындағы суицид мәселесін зерттегенде анықталған:тұтастай алғанда көп жағдайларды жасөспірімдер ата-аналарының,мұғалімдердің назарын өз мәселерлеріне аудару мақсатында өзіне өзі қол жұмсауға шешім қабылдайтыны және осындай келеңсіз түрде үлкендердің селқостығы, парықсыздық, арсыздық және қатыгездігіне қарсылықтарын білдіреді. Мұндай қадамға көбінесе тұйық, жаны жараланғыш, жалғыздық сезімнен, өзінің керексіздігінен стреске берілгіш және өмірден түңілген жасөспірімдер барады. Қиын өмірлік жағдайда уақытында көрсетілген психологиялық көмек, мейіріммен жасалынған қолдау қайғылы жағдайдан жасөспірімді аман алып қалған болар еді...

Суицидтік қауіпті топ:

- Жастар: өз ара қарым-қатынас түрі бұзылғандар, «жалғыздыққа» ұшырағандар,күш көрсетуді әдет қылған девианттық немесе қылмыстық қылықтарымен ерекшеленетін ішімдік немесе есірткі қолданатындар;

- Өзін тым қатты сынауға алатындар;

- Жеке басының қорланғанын немесе қайғылы жағдайды басынан өткізген жандар;

- Өмірде алдына қойған табыстары мен күткен жетістіктерінің сәйкес келмеуінен уайымға салынған жасөспірімдер «Үздік» синдром;

- Ауыр науқастан немесе айналасындағылардың сырт айналуынан күйзелген жандар;

- Өзін өлтіру жайлы әңгімелер (мысалы,«мен оданда өзімді өлтіремін»);

- Осы тақырыпқа дауыстап қиялдану;

-  «Менің ешкімге керегім жоқ»,«бәрібір мені ешкім сағынбайды» деген тақырыптармен мазаны алуы;

- Өнер немесе әдебиеттегі өлім мотивтеріне ден қоюы;

- Өзіне ең қымбат деген заттарды таратып беруі;

Ата-аналарға кеңес!

-         Өмірде бәрін мінсіз ету мүмкін емес.

-         Өзіңіз қабілеттілігіңіз мол жұмыстарды ғана мінсіз орындаңыз,ал қалғаны-адал ниетпен,сапалы түрде істеңіз.

-         Басқаларға да өз қалпын сақтауды рұқсат етіңіз.

-         Өз сүйікті адамыңызды апа, іні, құрбыңызды түзетемін деп қиналмай-ақ әр кімнің өз даралығына құқығы бар.

-         Барлығынан артық,жақсы болу әрдайым мүмкін емес.

-         Бір нәрсе қолыңыздан келмей қалса, онда тұрған не бар.

-         Өз қамалыңыздан шығыңыз!

Көп адамдар оларды басқалар бағаламайды деп ойлайды,бірақ өздері сол уақытта ішінен жабылып,ешкімге ашылмай жүретініне назар аудармайды.

Кейде қателіктерге де жол берілуі керек. Сіз де тірі жансыз, жаңыла аласыз және бір рет жол бергеннен жаман болмайсыз.

Жасөспірімдік дағдарысты қалай жеңеміз?
Артық салмақ – көптеген аурулардың себепшісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу