3-7 минуттық роликке 100 млн теңге. Нұралхан Көшеров осы жағдайды тексеруге тапсырма берді

Oinet.kz 04-12-2025 31

Screenshot_7.png

Кеше Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі» орталығы 100 млн теңгеге тікелей шарт жасасу арқылы «G7 Exlusive» ЖШС-не 3-7 минуттық тарихи бейнероликке тапсырыс бергені туралы ақпарат тарады. 

Онда Түркістан облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы аталған жобаны сатып алуды ашық конкурс тәсілімен үш мәрте ұйымдастырып, әлеуетті орындаушы табылмағанын алға тартқан.

- Бөлінген қаржыны тиімді әрі уақытылы игеру мақсатында аталған жобаны «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен 2025 жылғы 28 қарашада қосымша құн салығын қоса алғанда 100 800 000 теңгеге келісімшарт жасалынды. Тапсырыс беруші — Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Ұлы Дала Елі орталығы». Орындалу мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін, - делінген ведомство ұсынған деректе.

Ал бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Қөшеров аталған келісімшарттың жасалу жағдайларын жан-жақты тексеру, оның ішінде қажетті рәсімдердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырма бергені белгілі болды.

- Тексеру нәтижелері мен алдағы қадамдар туралы қосымша хабарланады, - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Дереккөзі: Kazinform.kz

 

 


Әкім сайлауы өз-өзін ақтады ма?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу