Коронавирус қандай температурада толық жойылады?

Oinet.kz 04-06-2020 909

Франциядағы Прованс университетінің ғалымдары коронавирус қандай температурада толықтай жойылатынын анықтады. 

image.png

Зерттеу барысында коронавирусты 60 градус (Цельсий бағамы бойынша) ыстықта 1 сағат ұстаған. Сонда да тіршілігін жалғастыру белгілері байқалған. Негізінен дәл осылай зерттеу стандартты болып саналады. Зертханалардың көбі жұмысын осындай градус және уақытпен жүргізеді. Зерттеуші ғалымдар коронавирус бұл температурада емес, Цельсий бағамы бойынша 92 градус температурада 15 минут қыздырғанда толықтай жойылатынын анықтады. Сараптамаға олар африкалық жасыл маймылдың бүйрегін пайдаланған.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурыз күні COVID-19 инфекциясын пандемия деп хабарлады. Қазіргі таңда бұл дерттен әлемде 131 мыңнан аса адам көз жұмды.

Фаст-фудтың кесірі
Әлемді алаңдатқан вирустың емі бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу