Фаст-фудтың кесірі

Oinet.kz 04-06-2020 772

Бристоль қаласының 19 жастағы тұрғыны соңғы он жылда тек чипсы, фри, шұжық, сэндвич секілді фаст-фуд өнімдерімен ғана тамақтаныпты. Бала өзге тамақты жеуден бас тартқандықтан ата-анасы оған тез даярланатын тағамдар әкеліп отырған. 14 жасында баланың денсаулығы сыр бере бастайды. Тез шаршап, әлсізденеді.  Ауруханаға тексерілуге барған кезде науқасқа дәрігерлер анемия деген диагноз қояды. Тамақтану рационына ақ халаттылар ет, көкеніс пен жеміс жидек қосу керектігін айтады. Алайда пацинет бұған құлақ аспай фас-фуд жеуін жалғастыра береді. Осылайша ол 15-ке келген кезде көру және есту қабілетінен айырылады. Дәрігерлер картоп сүйре балаға қанша көмектескісі келгенімен, оның көз жанары мен есту қабілеті қалпына келмеді

unnamed (3).jpg

Көзге пайдалы өнімдер
Коронавирус қандай температурада толық жойылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу