Гитлер соғыста өлмегені, әйелімен қашып кеткені дәлелденді

Oinet.kz 01-01-1970 5555

Гитлер 1945 жылдың сәуірінде жұбайы Ева Браунмен бірге өз-өзіне қол салып, Берлиндегі бункерінде қайтыс болған. Оның ақырғы аманаты бойынша фашистердің көсемі әйелімен бірге өртеліп, мәйіттері көмілген. Кейіннен кеңес әскерлері өртенген мәйтті тауып, оның сараптамадан өткізіп, сүйектердің Гитлерге тиесілі екендігін  анықтаған. Ресми тарих осылай дейді. Гитлердің ақырғы күндері туралы түсірілген «Бункер» фильмінде де фюрердің өлімі дәл осылайша суреттелген. Алайда сол 1945 жылдан бергі аралықта Гитлердің қызыл әсердің қоршауынан сытылып шығып, Латын Америкасына қашып кеткені туралы әңгімелер тынымсыз айтылып келеді. 

Screenshot_7.jpg

Жуырда Орталық барлау басқармасы (ЦРУ) Гитлердің қашып кеткенін айғақтайтын құжаттарды жария етті.   

1955 жылы америка барлаушыларының дереккөздері бұрынғы эсэстік Филипп Ситроеннің Колумбияда Гитлермен кездескенін баяндаған. Агенттің айтуынша, Ситроен фюрермен айына бір рет кездесіп отырған. Мұрағат құжаттарында Ситроеннің Гитлермен бірге түскен суреті де қоса тігіліпті. Гитлер біраз уақыттан кейін Колумбиядан Аргентинаға кеткен көрінеді. 

Қан тобыңыз қандай?
Отыз үш жылда бір рет болып тұратын құбылыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу