Барак Обама мен Мишель Обаманың махаббат хикаясы

Картинки по запросу барак мишель

Осы жылы саясат әлемінің ең романтикалық жұбы Обама мен Мишельдің ерлі-зайыптық өміріне 27 жыл толып отыр.

Мишель мен Барактың алғашқы кездесуі.

Картинки по запросу барак мишель первое свидание

1989 жылы 28 жасар жас юрист ірі компанияға келеді, онда Барак Мишель Лавон Робинсонның (Лавон РОбинсон - қыз кезіндегі фамилиясы) жетекшілігінде іс тәжірибесінде болады. 

Барак алғаш көргеннен-ақ Мишелді ұнатқанымен мисс Робинсонның болашақ президентте мүлде көңілі болмайды.

Ерлі-зайыптылар бейсбол матчында.

Супруги Обама на бейсбольном матче

Обама кішкентайынан өте табанды, алға қойған мақсатынан кері шегінбейтін қабілеттерге ие болды. Бұл қасиетін ол Миельге қырындап жүрген кезінде-ақ дәлелдепті. Бастапқыда Мишель Бір айдай уақыт кездесуге келіспей жүргенімен, көп ұзамай осы кездесуде отырады. Бұл кездесуге қол жеткізу үшін Барак күнде гүл, күнде кәмпит беріп әуреге түсіп, ақырында дөптегеніне қол жеткізеді. Бірақ, мисс Обама өзі болашақ президенттің саясатқа деген көзқарасымен, қара нәсілділер жөніндегі пікірлерімен жүрегін жаулап алғанын айтады.

Алғашқы кездесуде жас жұптың көрген фильмдері режиссер Спайка Лидің «Делай как надо» драмасы болған.

Өз естеліктерінде Президент Обама болашақ сүйіктісімен болған алғашқы сүйісін "шоколадты сүйіс" деп сипаттайды. Бұл фразаның отандастарына ұнағаны соншалық чикаголық бір кафе алдында президент пен жұбайының сүйіскен ескерткіші қойылып, жанындағы тақтайшаға «Оны сүйдім, шоколад дәмін сездім» делініп жазылған.

Картинки по запросу барак мишель младшая дочь

Алайда, ыдыс-аяқ сылдырлайтын сәт бұл жұпты да айналып өтпейді. 2001 жылы Мишель Барактың саяси мәселелермен жүріп, отбасын асырауға да шамасы келмеген күйеуіне ызаланып ажыраспақ болады. Ажырасудың алдын алған оқиға кіші қыздарының ауыр дертке ұшырауы болды. Небәрі 3 айлық Саша менингит вирусын жұқтырып ауруханада жан сақтау бөлімінде үш күн уақытын өткізеді. Осындай қиындықтан бірігіп өткен соң ғана мистер Обама әйелі Мишельге саясатқа араласуына мүмкіндік береді. Мишель осы сәттен бастап күйеуінің кеңесшісіне айналады. Мишель Барактың жұмысының маңыздылығын өзі кіріскенде бірақ түсіне бастайды, ал Барак отбасының өз өмірінде қай сәтте де болмасын бірінші кезекте тұруы керектігін түсінеді.

Президент болып сайланғаннан 3 күн кейінгі "Ақ Үйдегі" маңызды жиналысқа президент қатыса алмайды. Себебі сол кезде қызының футбол матчы болған екен, бұл іс-әрекетін президент халқына «Мұндай шаралар өмірде бірінші орында тұруы тиіс» ,-деп түсіндіреді.

Мишель Обама: әйелі мен досы

Обама әйелінің көмегімен саяси ортада танымал болады, ал 2006 жылы кішігірім отбасылық кеңесте АҚШ президенттігіне дауысқа түсуге шешім қабылданады. Мишель телешоуларда айтқан сұхбаттарының бірінде "Президент Обаманың сайлауалды пікірталасқа қалай дайындалғанын білгіңіз келе ме? Ол менімен шайқасты!» деп айтады.

Әйелі Барак Обаманың одақтасы және толыққанды серіктесі болды, дегенмен де президент Мишельдің бірінші кезекте оның жұбайы екенін ұмытпаған. Тіпті Барак кезекті жиналыстардың бірінде ләмим қатпай кетіп қалған екен. Кетуге себеп болған маңызды жағдай жұбайымен аталып өтілуге тиісті мерейтойлары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақтан шыққан тұңғыш дәрігер кім?
  • Қазақ даласында алғашқы дәріхана жүйесін құрған азамат
  • Неге мандарин жаңа жылдың символы саналады?
  • Халқымызда «салмақ сату не сатып алу» дәстүрі бар екенін білесіздер ме?
  • Тоқаев туралы қызықты деректер
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика