Әлемдегі ең кәрі мысық қанша жаста?

Oinet.kz 13-08-2019 1152

Screenshot_10.jpg

Мускат есімді мысық биыл 31-ге толды. Бұл адам жасымен салыстырғанда 141 жасқа тең келеді екен. Алатеңбіл үй жануары әлемдегі ең кәрі мысық ретінде Гиннестің рекордттар кітабына енуге үмітті. Үмітті деп отырған себебім асырап алған иелерінде оның жасын айғақтайтын құжат жоқ. Ирландық Лиз бен Ян Финлэйндердің отбасы мысықты 1990 жылы қамқорлығына алған. Үй ауласына өз аяғымен келген Мускатты қожайындар бауырына басыпты. Ол кезде мысықтың жасы 5-те болған. Ұзақ жылдар бойы Финлэйндердің шаңырағында өмір сүріп келе жатқан жануар үйді қарауылдап жүретін көрінеді. Адал қызметіне қарай қожайындар биыл оның 31 жасын тойлап берді. 31 санымен өрнектелген торт та дайындалды. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін әлемдегі ең кәрі мысық 26 жастағы Вельвет мысығы саналып келген болатын.  

Мұрағаттан, 2016 ж

Әмір Темір мен Тоқтамыстың қақтығысы
Арабияда Аладдинге арнап қала салуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу