Арабияда Аладдинге арнап қала салуда

Oinet.kz 13-08-2019 1199

Screenshot_11.jpg

Шексіз адам қиялынан туындаған "Алладин" және "Теңізші Синдбад" мультфильмдерін  тамашалаған боларсыз. Арабтың ертегісінде көрікті шаһарлар шыныменде сізді қиял әлеміне жетелейді. Енді аз уақыттан соң шығыс ертегісіндегі шаһарды экраннан емес шынайы өмірден көретін боласыз. Себебі арабтар ертегідегі қаланы тұрғызбақ. Қазір кенттің салыну жұмыстары басталып кеткен. Жаңадан салынатын шаһар Дубайда орналасады әрі оның аты – "Алладин". Жалпы ауданы – 110 мың шаршы метрді құрайды. 2014 жылдан бері жобаның  жүзеге асатыны жайлы айтылып келген еді. Енді, міне, ертегі шынға айналуда. 

Мұрағаттан, 2016 ж

Әлемдегі ең кәрі мысық қанша жаста?
Көптеген жараға ем жасыл бриллиант
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу