Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау құрды

Oinet.kz 20-12-2019

Алтынай Жорабаеваның бұрынғы күйеуі актер және режиссер Сәбит Әбдіхалықов Атырауға күйеубала болды. Бұл туралы суреттер желіде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме берген Oinet.kz.

Сәбит Әбдіхалықов.jpg

Желі қолданушылары Сәбит Әбдіхалықовтың құдалық кезінде түскен суреттерін қызу талқылауда. Бірі актерге бақыт тілесе, енді бірі керісінше реніштерін жеткізіп жатыр. Олар «Бес баланың көз жасы қайда жібереді дейсің», «Екі әйеліне опа бермеген, моральды азғындаған әртіс енді кімді жарылқар дейсің» деп жазды.

Сәбит Әбдіхалық.jpg

Сондай-ақ, желі қолданушылардың бірінің жазуына қарағанда үйленіп жатқан ару актриса екен. 

Алтынай Жорабаевадан Сәбит Әбдіхалықовтың төрт қызы бар. Ал бірінші әйелі болған Айгүл Иманбаевадан бір ұл тәрбиелеп отыр. 

Есболат Беделхан: «Димашқа қатысты жазған ойым желіге тарағанына өкінбеймін»
Сәбит Әбдіхалықовтың таңдауы белгілі актриса Абдуллинаға түсті

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×