«Музарт» солистінің ұлы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Oinet.kz 02-02-2020

Музарт тобының солисті Кенжебек Жанабіловтың үлкен ұлы Абайдың өлеңін жатқа айтып көпшілікті сүйсіндірді, деп жазады Oinet.kz тілшісі.

Кенжебек Жанаділов.jpg

«Жаттаудан “4”-тік баға алайын деп тұрған жерінен, соңғы сөзін есіне түсіріп “5”-тік баға алып келіпті», - деп жазды әкесі желіде.

Желі қолданушылары Ахметбектің қадамын қолдап, ізгі тілегін айтып жатты. 

"Мықты! Еліміздің мақтанышы болсын!", "Талабыңа нұр жаусын, жарайсың!", "Айналайын тек алға!", "Жарайсың, әкең секілді елдің үлкееен Азаматы бол, тілектеспіз", деп жазды олар.

Видео мына сілтемеде 

Бұған дейін әкесі ұлын көп жерде емдеткенін айтқан еді. Тұңғышының құлағы естімейтінін айтып, мұңын шақты. Алланың берген сынағына бағынғаннан басқа амал жоқ деген өнер иесі бүгінде баласының әр қадамына қуанып жүр.

Ақбота Керімбекова кімдерді әнші ретінде мойындамайтынын айтты
Жол ережесін бұзып, айыппұл төлемей жүрген жұлдыздар кімдер

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×