Гаухар Әлімбекова тағы бір кәсіпкерді алдап кетті

Oinet.kz 30-05-2020 18127

Қазақстандық танымал кәсіпкер Серік Мәмреев әнші Гаухар Әлімбековадан қомақты қаржысын қайтара алмай әлек болып жүргенін айтты. Әншінің концертін ұйымдастырмақ болған азамат оған гонорарының жартысын беріп жатқан сәтіне куә болған адамдардың да бар екенін жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы. 

image.png

­

Белгілі отандық кәсіпкер Серік Мәмреев әншіден өзіне тиесілі екі миллион теңге көлеміндегі қаржыны қайтара алмай жүр. Оның айтуынша, өнер иесі ақшаны бермейтінін айтып, оны барлық жерден бұғаттап тастаған. Мейрамханалар бизнесі мен концерт ұйымдастыру саласында аса танымал кәсіпкер өзі тап болған жағдайды Instagram парақшасында баяндады. Ол Гаухар Әлімбековаға қатысты оқиғаны егжейлі-тегжейлі түсіндіріп өткен. Серік Мәмреев жақсы араласып, аса қатты сенген әншінің бұлай жасап кеткеніне таңғалды.

- "Құрметті достар, сіздермен басымнан өткен бір жағдаймен бөліскім келіп отыр. Өткен жылдың тамыз айында мен Гаухар Әлімбекова деген әншіге қоңырау шалып, Ақтөбе, Орал, Күлсары, Бейнеу мен Ақтау қалаларында оның жеке концерттерін өткізуге келістім. 4 млн теңге көлеміндегі гонорар жайында телефон арқылы сөйлесіп ақылдастық. Нәтижесінде мен оған қаржының елу пайызын, яғни екі миллион теңгені Алматыға алып келетінімді айттым. Себебі, ол кезде Атырау қаласында болғанмын. Концертке дайындық басталып, афишаларды шығарып, жарнамаларды жібердік. Барлық қалалар мен өңірлер бойынша оның афишаларын іле бастадық. Оның ұшып келуі мен жататын жеріне қатысты шығынды өз мойнымызға алдық. 23 қыркүйек күні мен Алматыға ұшып келдім. Бірден Гаухармен кездесуге келістім. Кешке ол белгіленген уақытта келіп, шығындық кассалық құжатқа қол қойды. Сосын мен келіскеніміздей, гонорарының елу пайызын, екі миллион теңгені қолына ұстаттым. Біз келісімшартқа отырмадық. Себебі, біз бір-бірімзге сендік. Келісіміміз ауызша болды. Концерт күні жақындай бастады. Билеттер мүлдем сатылған жоқ. Залдың 99,9 % бос қалғандықтан, мен Гаухарға хабарласып, концерт болмайтынын айттым. Оған төленген гонорарды қайтаруды сұрадым. Алайда, ол маған ақшаны қайтару ойында жоқ екенін айтып, телефонын өшіріп тастады. Мені қара тізімге енгізіп тастаған. Содан бері Гаухардан хабар да, жауап та жоқ. Ол мені барлық әлеуметтік желіде бұғаттап тастағандықтан, мен бұл жағдайды Инстаграм арқылы жеткізуге мәжбүр болып отырмын" , - деп өз жанайқайын жеткізді ол.

Меруерт Түсіпбава анасынан кешірім сұрады
Тәуекел Мүсілімнің әкесі туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу